https://sputnik.kz/20220615/shymkent-turgyny-politsey-25535760.html
Шымкент тұрғыны полицейдің атын жамылып тұрғындарды бопсалаған
Шымкент тұрғыны полицейдің атын жамылып тұрғындарды бопсалаған
Sputnik Қазақстан
Өзін полиция қызметкері ретінде таныстырып жергілікті тұрғыннан ақша сұраған ер адам тергеу изоляторына қамалды 15.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-15T10:34+0500
2022-06-15T10:34+0500
2022-06-15T10:34+0500
шымкент
полиция
https://sputnik.kz/img/174/72/1747243_0:124:2049:1276_1920x0_80_0_0_1f6e5dee27bb26cc1d6b4cf150452239.jpg
АЛМАТЫ, 15 маусым – Sputnik. Шымкент полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасы өзін құқық қорғау органы қызметкері ретінде таныстырып, тұрғыннан ай сайын 80 мың теңге бопсалаған ер адамды ұстады. Жергілікті тұрғын департаменттің кезекші бөліміне жүгінгеннен кейін полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті. Әйел полиция қызметкерлеріне тәртіп сақшысы ақша талап етіп жүргенін, әріптестерінің озбырлығынан қорғауын өтінді. Арызданушыдан түскен ақпаратты тексерумен өзіндік қауіпсіздік басқармасы айналысты. Нәтижесінде біраз уақыттан кейін бопсалауға күдікті ақша аудару кезінде ұсталды. "Тексеру барысында күдіктінің полицияға ешқандай қатысы жоқ және санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің қызметкері екені анықталды", - деп толықтырды ведомство. Қазіргі уақытта факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Тергеу барысында оқиғаның жай-жапсары анықталатын болады.
шымкент
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/174/72/1747243_90:0:1957:1400_1920x0_80_0_0_784d7b9c51a9ae28231141c74a207539.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шымкент, полиция
Шымкент тұрғыны полицейдің атын жамылып тұрғындарды бопсалаған
Өзін полиция қызметкері ретінде таныстырып жергілікті тұрғыннан ақша сұраған ер адам тергеу изоляторына қамалды
АЛМАТЫ, 15 маусым – Sputnik. Шымкент полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасы өзін құқық қорғау органы қызметкері ретінде таныстырып, тұрғыннан ай сайын 80 мың теңге бопсалаған ер адамды ұстады.
Жергілікті тұрғын департаменттің кезекші бөліміне жүгінгеннен кейін полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті. Әйел полиция қызметкерлеріне тәртіп сақшысы ақша талап етіп жүргенін, әріптестерінің озбырлығынан қорғауын өтінді.
"Қала тұрғынының айтуынша, белгісіз біреу өзін әл-Фараби аудандық полиция басқармасының жедел уәкілі ретінде таныстырып, тұрғынды құқық бұзушылық үшін ішкі істер органдарына профилактикалық есепке қоямын деп қорқытқан. Бұл ретте ол әйелден әкімшілік жауапкершілікті болдырмау үшін ай сайын оған 80 мың теңге көлемінде ақша беріп отыруын талап етті", - деп хабарлады Шымкент полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Арызданушыдан түскен ақпаратты тексерумен өзіндік қауіпсіздік басқармасы айналысты. Нәтижесінде біраз уақыттан кейін бопсалауға күдікті ақша аудару кезінде ұсталды.
"Тексеру барысында күдіктінің полицияға ешқандай қатысы жоқ және санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің қызметкері екені анықталды", - деп толықтырды ведомство.
Қазіргі уақытта факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Тергеу барысында оқиғаның жай-жапсары анықталатын болады.