Әлем

Санкция салдары: АҚШ пен Еуроодақта инфляция өсті

© Photo : СС0 / TumisuПродуктовая тележка в супермаркете
Продуктовая тележка в супермаркете - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.06.2022
Жазылу
Германиядағы инфляция деңгейі рекордты жаңартып жатыр – неміс елінде мұндай көрсеткіш 1973 жылдан бері болмаған. Энергияға көп шығын жұмсалып жатыр. АҚШ-тағы баға да қалысар емес: мұхиттың арғы бетінде бензин тез қымбаттап жатыр. Аналитиктер Батыс Ресейге қарсы санкциялар үшін осындай "құн" төлеп жатқанын айтуда. Еуропалықтар мен америкалықтарға бұл тығырықтан шығу үшін қанша уақыт үнемдеуге тура келетіні туралы РИА Новости жазды.
Германия Федеративті Республикасында баға көз ілеспес жылдамдықпен өсіп жатыр. Мамырда жылдық инфляция сегіз процентке дейін үдеп, жарты жылдық ең жоғарғы көрсеткішке жетті. 19773 жылдың қыссында мұнай дағдарысына байланысты қара алтын бағасы шарқтап кеткен болатын.
Қазір энергия тасымалдағыштарға жұмсалатын шығын өте ауқымды болып отыр. Оның үстіне, азық—түлік те қымбаттап жатыр. Жалақыны индекстау баға өсіміне ілесе алмай, сатып алу қабілеті төмендеп жатқан Ұлыбританияда да жағдай мәз емес.
Америкалықтар да үнемдеуге мәжбүр. АҚШ-та мамырда инфляция 8,5 проценттен асып түсті. Елде бензин екі есе қымбаттады: АҚШ қаржы министрі Джанет Йеллен ресейлік мұнайды жеткізуге енгізілген шектеулердің салдары білініп жатқанын мойындады.
Наурызда Америка қара алтынды сатып алуға тыйым салды, маусымның басында оған Еуроодақ қосылды. Алайда еуропалықтар Ресейдің көмірсутектерін толығымен бас тартуға батпады. Теңіз арқылы жеткізілетін мұнайды ғана шектеді. Дегенмен, жеңілдетілген эмбарго америкалықтарды да, еуропалықтарды да шығыннан құтқара алмады.
"Инфляцияның өсуіне ауыр қоспалардан, оның ішінде ресейлік Urals мұнайынан тұратын дизельдік отын бағасының қымбаттауы себеп болып отыр. Соның салдарынан АҚШ пен Еуроодақтағы тұтынушылық бағалар көпжылдық ең жоғары деңгейге жетті", - деп түсіндіреді BitRiver қаржы аналитигі Владислав Антонов.
Қазір Батыс Ресей мұнайының баламасын іздеп жатыр. Бұл оңай емес. Экспорттаушы елдерде ресейлік қара алтын экспортын орындайтын еркін қуат жоқ. Бұл тәулігіне жеті миллион баррельді қамтитын өндіру қуаты, деп ескертті ОПЕК бас хатшысы Мұхаммед Баркиндо.
Сондықтан батыс компаниялары амалын тауып, Urals пен басқа да мұнай түрлерінің қоспасын дайындап жатыр. Америкалыққ Shell компаниясы осы әдіс арқылы табыс тапты. Концерн құрамында ресейлік көмірсутектер бар дизель отынын сатып алуға өз трейдерлеріне рұқсат берді. "Латвия қоспасы" деп аталып кеткен өнімді Вентспилс портында дайындайды.
Санкцияларды айналып өтудің тағы бір жолы – қайта сату. Америкалық және еуропалық порттар Ресей кемелері үшін жабық тұрған шақта мұнайды басқа елдерден алып келіп жатыр. Мысалы, Еуропа мен АҚШ-қа Үндістаннан мұнай жеткізу көлемі артты. Құжат бойынша шикізат үнді болғанмен, іс жүзінде ол – ресейлік.
Батыс компаниялары санкцияларды айналып өтіп жатқан шақта Аққ үй барлығына Ресейді кінәлауды доғарар емес. Джо Байден бұл жағдайға Украинадағы арнайы операция себеп екенін айтты. Ол тіпті "Путин бензин бағасын қымбаттатуы инфляцияның жетпіс процентіне себеп" екенін айтты.
Ал аналитиктер Америкада тауар өткен жылдан бері тоқтаусыз қымбаттап жатқанын айтуда. Маусымда инфляция әдеттегі 1,5-2 деңгейінен 3,5 процентке бір-ақ көтерілді.
Елдегі қаржы билігі коронавирус дағдарысының салдарын жою үшін баспа білдектерін бар күшіне қосты. АҚШ Федералды резерв жүйесі экономикаға триллиондаған доллар салды да, нөлге жақын төмен базалық мөлшерлемені сақтап қалды.
"Өткен жылдың соңында энергиятасымалдағыштар бағасы күрт өсті: Еуроодақта мың текше метр газ бағасы үш мың долларға дейін жетті. Бұл қымбаттау 2022 жылы да жалғасты. Антиресейлік санкциялар жағдайды одан бетер ушықтырып жіберді", - деп жазды автор.
Ресей мен Украинадан жеткізілетін астыққа қатысты проблемалар да салдарсыз қалмайтыны анық. Батыс тапшылықты толтыра алмайды. Мысалы, Америкада ауа райының салқындығына байланысты егін егу науқаны кеш басталды. Шетелдік диқандарға ресейлік тыңайтқыштар жетіспей жатыр. АҚШ пен Еуроодақ ақпанның аяғында тыңайтқыштан бас тартты. Бірақ, араға бір ай салып, бұл тым асығыс шешім болғанын мойындап, құнарландыру құралын санкция тізімінен алып тастады.
Қаржы басқару жоғарғы мектебінің аналитикалық зерттеулер бөлімінің жетекшісі Михаил Коган Еуроодақ пен АҚШ-тағы инфляция екі таңбалы санға дейін жетуі мүмкін деп есептейді.
Ал АҚШ-та базалық мөлшерлемені енді көтеріп жатыр. АҚШ Федералды қаржы жүйесі осы әдіс арқылы өсімін тежеуді көздеп отыр. Ведомствоның кезекті отырысы 13-19 маусым аралығында өтеді деп жоспарланған. Ақша-кредит саясатын қатаңдату келесі айда көзделіп отыр.
Дегенмен, аналитиктер бұл шаралар қазіргі ахуалды жеңілдетпейтінін айтып жатыр. Мөлшерлемені арттыру тұтынушылық сұранысты төмендетеді, сатып алушылардың шығынын ұлғайтады және инфляцияның жаңа айналымына алып келеді. Экономиканың баяулауы АҚШ-та рецессия тудыруы ықтимал.
Мемлекеттер инфляциямен өз күштерімен күресіп жатыр. Мысалы, Германияда "бір тамшы бензинді үнемдеу мақсатында" жалдамдықты төмендету ұсынылды. Олар уақытша автобандарда 100 км/сағ және қалаларда 30 км/сағ жылдамдық енгізуді талқылап жатыр.
Ал аналитиктер бұл шара да ауқымды нәтиже бермейтініне сенімді. Олар жағдайды тұрақтандыру және энергетикалық дағдарысты тоқтату үшін Ресейге қарсы енгізілген санкцияларды алып тастау керегін айтып жатыр.
"Тәжірибелік инвестиция мектебінің" негізін қалаушы Федор Сидоров әлем қазірдің өзінде стагфляция, яғни инфляция мен жұмыссыздықтың бір мезгілде жеделдеуі және экономиканың құлдырауы қарсаңында тұрғанын айтты. Оның айтуынша, 1929 жылғы Ұлы дағдарыстан кейінгі жаңа жаһандық қаржылық-экономикалық дағдарыстың бірінші кезеңінің ең ауыр зардабы басталғалы тұр.
Жаңалықтар
0