https://sputnik.kz/20220615/qtzh-prokuratura-25554647.html
ҚТЖ үстем жағдайын теріс пайдаланған – прокуратура
ҚТЖ үстем жағдайын теріс пайдаланған – прокуратура
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 15 маусым – Sputnik. Бас көлік прокуратурасы "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы өзінің үстем монополиялық жағдайын теріс пайдаланғанын... 15.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-15T19:46+0500
2022-06-15T19:46+0500
2023-08-11T11:32+0500
қтж
прокуратура
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/16/15801836_0:158:3077:1889_1920x0_80_0_0_fbad5a7e3a03dd1162415fd8c8efe25b.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 15 маусым – Sputnik. Бас көлік прокуратурасы "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы өзінің үстем монополиялық жағдайын теріс пайдаланғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Көлік прокуратурасының мәліметінше, тарифтердің негізділігін зерделеу кезінде ҚТЖ компаниялар тобына кіретін ұйымдар үшін бірінші тасымал жүзеге асырылған сәттен бастап төмендететін коэффициент қолданылғаны анықталған. Ал басқа кәсіпкерлік субъектілеріне (тасымалдаушыларға) қатысты мұндай жеңілдіктер жыл соңында тасымалдың кепілдендірілген көлемі орындалғаннан кейін ғана берілген."Әркелкі шарттардің нәтижесінде ҚТЖ компаниялар тобына кіретін ұйымдар басқа тасымалдаушылардың алдында артықшылыққа ие болған", - деп толықтырды қадағалау органы.Бас көлік прокуратурасының наразылығынан кейін бұл заң бұзушылық Транзиттік жүктерді тасымалдау қағидаларына өзгерістер енгізу арқылы жойылды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/16/15801836_174:0:2903:2047_1920x0_80_0_0_7d9ef34e3a465deeb52615a66baf0e55.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қтж, прокуратура
ҚТЖ үстем жағдайын теріс пайдаланған – прокуратура
19:46 15.06.2022 (жаңартылды: 11:32 11.08.2023) НҰР-СҰЛТАН, 15 маусым – Sputnik. Бас көлік прокуратурасы "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы өзінің үстем монополиялық жағдайын теріс пайдаланғанын мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. "Жыл басынан бері Бас көлік прокуратурасы нормативтік актілердің күшін жою арқылы 9 мыңнан астам кәсіпкердің құқығын қорғады. Мәселен, талдау жүргізу барысында "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы өзінің үстем монополиялық жағдайын теріс пайдаланғаны анықталды. ҚТЖ жүктерді транзиттік тасымалдауға төлем коэффициентін 30 процентке төмендететін арнайы тарифтік шарттарды қолданады", - делінген прокуратураның ресми сайтында жарияланған хабарламада.
Көлік прокуратурасының мәліметінше, тарифтердің негізділігін зерделеу кезінде ҚТЖ компаниялар тобына кіретін ұйымдар үшін бірінші тасымал жүзеге асырылған сәттен бастап төмендететін коэффициент қолданылғаны анықталған. Ал басқа кәсіпкерлік субъектілеріне (тасымалдаушыларға) қатысты мұндай жеңілдіктер жыл соңында тасымалдың кепілдендірілген көлемі орындалғаннан кейін ғана берілген.
"Әркелкі шарттардің нәтижесінде ҚТЖ компаниялар тобына кіретін ұйымдар басқа тасымалдаушылардың алдында артықшылыққа ие болған", - деп толықтырды қадағалау органы.
Бас көлік прокуратурасының наразылығынан кейін бұл заң бұзушылық Транзиттік жүктерді тасымалдау қағидаларына өзгерістер енгізу арқылы жойылды.