Спорт

Қазақстандық зілтемірші әлем чемпионатында үшінші алтын медальді иеленді

© Public DomainШтанга, тяжелая атлетика
Штанга, тяжелая атлетика - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.06.2022
Жазылу
Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты 18 маусымға дейін жалғасады
АЛМАТЫ, 15 маусым – Sputnik. Қазақстандық зілтемірші Денис Полубояринов Мексикада өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлады Sports.kz.
Денис жасөспірімдер арасында 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 323 кг (143+180) зілтемірді көтеріп, жеңіс тұғырынан көрінді.
Ал екінші орынды итальяндық Якопо Фальсинотти иеленсе, қола медальді мексикалық спортшы Иоанн Баррерас жеңіп алды.
Еске салсақ, бұған дейін Ерасыл Саулебеков (67 келіге дейінгі салмақ дәрежесі) және Едіге Емберді (73 келіге дейінгі салмақ дәрежесі) Қазақстан қоржынына алтын медаль әкелген болатын.
Одан бөлек Ерасыл Омаров (55 келіге дейінгі салмақ дәрежесі) және Александра Беленко (40 келіге дейінгі салмақ дәрежесі) турнирдің қола жүлдегері атанды.
Айта кетейік, жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты 18 маусымға дейін жалғасады.
Жаңалықтар
0