https://sputnik.kz/20220615/qantar-oqigasy-kezin-toqaev-25536323.html
Қаңтар оқиғасы кезінде кейбіреулер елден кетуге ұсыныс жасады – Тоқаев
Қаңтар оқиғасы кезінде кейбіреулер елден кетуге ұсыныс жасады – Тоқаев
Sputnik Қазақстан
Мемлекет басшысының сұхбаты бүгін ресейлік телеарнаның эфирінде көрсетіледі 15.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-15T10:55+0500
2022-06-15T10:55+0500
2022-06-15T10:57+0500
қоғам
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e6/01/08/19094798_0:0:3073:1728_1920x0_80_0_0_1b5c8c3d11b26baf1f25d6463e41abce.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 15 маусым – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар оқиғасы кезінде елден кетуге ұсыныс жасалғанын мәлімдеді. "Россия 24" арнасына сұхбат берген Тоқаев қаңтар оқиғаларының негізгі мақсатын да айтты. Президент жаппай тәртіпсіздіктер басталғанда ешқайда кетпейтінін мәлімдеген. Осыны тағы бір мәрте еске салды. "Маған кейбір "жолдастар" тікұшаққа немесе ұшаққа отырып, Қазақстаннан кетуге ұсыныс жасаған. Мен, әрине, ондайды жоспарлаға жоқпын. Осы жерде аяғына дейін қалуға міндетті екенімді білдім ", - деп атап көрсетті Тоқаев. Мемлекет басшысының сұхбаты бүгін ресейлік телеарнаның эфирінде көрсетіледі.Айта кетері, биыл қаңтардың басында Жаңаөзен мен Ақтау қалаларында сұйытылған газдың бағасы күрт көтеріліп кетті. Халық көшеге шықты. Артынан наразылық акциялары республика бойынша таралып кетті. Бірнеше қалада жаппай тәртіпсіздіктер басталды. Әсіресе, Алматы қаласы қиын жағдайға тап болды. Қалада мемлекеттік мекемелер өрттенді, дүкендер тоналды. Адам шығыны да аз болған жоқ. Республика бойынша төтенше жағдай енгізілді. Бас прокуратураның мәліметіне сәйкес, жаппай тәртіпсіздіктер кезінде 230 адам қайтыс болды. Олардың арасында 19 полицей мен әскери қызметші бар.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/01/08/19094798_0:0:2731:2048_1920x0_80_0_0_750cb0dd181dc5aa6a0c9ba781bb9c26.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев
Қаңтар оқиғасы кезінде кейбіреулер елден кетуге ұсыныс жасады – Тоқаев
10:55 15.06.2022 (жаңартылды: 10:57 15.06.2022) Мемлекет басшысының сұхбаты бүгін ресейлік телеарнаның эфирінде көрсетіледі
НҰР-СҰЛТАН, 15 маусым – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар оқиғасы кезінде елден кетуге ұсыныс жасалғанын мәлімдеді.
"Россия 24" арнасына сұхбат берген Тоқаев қаңтар оқиғаларының негізгі мақсатын да айтты.
"Барлық төңкерістің негізгі мақсаты бір ғой, ол – басқа адамдардың билікке келуі. Ал маған келетін болсақ, ол күндері осында – призедент резиденциясында болдым, ешқайда шыққан жоқпын. Әлбетте, осы жерде түнем жүрдім", - деді Тоқаев.
Президент жаппай тәртіпсіздіктер басталғанда ешқайда кетпейтінін мәлімдеген. Осыны тағы бір мәрте еске салды.
"Маған кейбір "жолдастар" тікұшаққа немесе ұшаққа отырып, Қазақстаннан кетуге ұсыныс жасаған. Мен, әрине, ондайды жоспарлаға жоқпын. Осы жерде аяғына дейін қалуға міндетті екенімді білдім ", - деп атап көрсетті Тоқаев.
Мемлекет басшысының сұхбаты бүгін ресейлік телеарнаның эфирінде көрсетіледі.
Айта кетері, биыл қаңтардың басында Жаңаөзен мен Ақтау қалаларында сұйытылған газдың бағасы күрт көтеріліп кетті. Халық көшеге шықты. Артынан наразылық акциялары республика бойынша таралып кетті. Бірнеше қалада жаппай тәртіпсіздіктер басталды. Әсіресе, Алматы қаласы қиын жағдайға тап болды.
Қалада мемлекеттік мекемелер өрттенді, дүкендер тоналды. Адам шығыны да аз болған жоқ. Республика бойынша төтенше жағдай енгізілді. Бас прокуратураның мәліметіне сәйкес, жаппай тәртіпсіздіктер кезінде 230 адам қайтыс болды. Олардың арасында 19 полицей мен әскери қызметші бар.