https://sputnik.kz/20220615/qantar-oqigasy-kasibi-adamdar-toqaev-25548318.html
Қаңтар оқиғасын кәсіпқой адамдар ұйымдастырды – Тоқаев
Қаңтар оқиғасын кәсіпқой адамдар ұйымдастырды – Тоқаев
Sputnik Қазақстан
Мемлекет басшысы қаңтар оқиғасына қатысы бар кейбір адамдардың неліктен ұсталмай жатқанын түсіндірді 15.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-15T15:38+0500
2022-06-15T15:38+0500
2022-06-15T17:14+0500
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e6/01/08/19094832_0:0:3072:1728_1920x0_80_0_0_e201ee70f86d81cd88abdd2a092489a1.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 15 маусым – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Россия 24" арнасына берген сұхбатында қаңтар оқиғасына қатысқан кейбір адамдардың не себепті ұсталмай жатқанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Оның айтуынша, ұйымдастырушалар мен үйлестірушілердің кәсіпқой болғаны сонша, тергеуге қажетті айғақтарды жойып кеткен."Тергеу егжей-тегжейлі жүргізіліп келеді. Алайда қиындықтар да жоқ емес. Мәселе мынада, ұйымдастырушылар мен үйлестірушілер кәсіби түрде әрекет етті, ізін жасырды. Сол арқылы біраз нәрсені әшкерелеуге болатын еді. Дегенмен арнайы ведомствоаралық топ бәрін жан-жақты зерделеп жатыр", - деп атап өтті Тоқаев.Осы орайда мемлекет басшысы бір мысал келтірді. Алматыдағы жаппай тәртіпсіздік кезінде арнайы топ бейнебақылау камераларын жоюмен айналысқан. Олар да кәсіби тұрғыда бәрін білген. Бейнебақылау камераларының платасын жойып отырған.
https://sputnik.kz/20220615/toqaev-qantar-oqigasy-resey-qazaqstan-25547045.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/01/08/19094832_193:0:2924:2048_1920x0_80_0_0_9f824de4210a22bcbeb58ccfd3c45ce4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев
Қаңтар оқиғасын кәсіпқой адамдар ұйымдастырды – Тоқаев
15:38 15.06.2022 (жаңартылды: 17:14 15.06.2022) Мемлекет басшысы қаңтар оқиғасына қатысы бар кейбір адамдардың неліктен ұсталмай жатқанын түсіндірді
НҰР-СҰЛТАН, 15 маусым – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Россия 24" арнасына берген сұхбатында қаңтар оқиғасына қатысқан кейбір адамдардың не себепті ұсталмай жатқанын айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. "Оған кәсіпқой адамдар режиссерлік жасады. Олар халықты әкімшілік ғимараттарға бағыттады. 3 мыңға жуық қару-жарақ ұрланды. Осы уақытқа дейін шамамен 1 600 қару табылды. Қалғанын іздеу жалғасып жатыр. Бәлкім, шетелге алып кеткен болар", - деді Тоқаев.
Оның айтуынша, ұйымдастырушалар мен үйлестірушілердің кәсіпқой болғаны сонша, тергеуге қажетті айғақтарды жойып кеткен.
"Тергеу егжей-тегжейлі жүргізіліп келеді. Алайда қиындықтар да жоқ емес. Мәселе мынада, ұйымдастырушылар мен үйлестірушілер кәсіби түрде әрекет етті, ізін жасырды. Сол арқылы біраз нәрсені әшкерелеуге болатын еді. Дегенмен арнайы ведомствоаралық топ бәрін жан-жақты зерделеп жатыр", - деп атап өтті Тоқаев.
Осы орайда мемлекет басшысы бір мысал келтірді. Алматыдағы жаппай тәртіпсіздік кезінде арнайы топ бейнебақылау камераларын жоюмен айналысқан. Олар да кәсіби тұрғыда бәрін білген. Бейнебақылау камераларының платасын жойып отырған.