https://sputnik.kz/20220615/kiikterdi-atuga-ruqsat-berilui-mumkin--ekologiya-ministri-25537297.html
Киіктерді атуға рұқсат берілуі мүмкін – экология министрі
Киіктерді атуға рұқсат берілуі мүмкін – экология министрі
Sputnik Қазақстан
Қазіргі уақытта Қазақстан даласында киіктердің саны 1 миллион 318 мыңға жеткен 15.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-15T11:27+0500
2022-06-15T11:27+0500
2023-08-09T09:47+0500
батыс қазақстан облысы
https://sputnik.kz/img/1014/43/10144318_275:156:1043:588_1920x0_80_0_0_d365b1c820bc2f7307094af008d4cef6.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 15 маусым – Sputnik. Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев киіктерді атуға рұқсат берілуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Оның айтуынша, бүгінгі таңда елімізде киіктердің саны 1 миллион 318 мыңға жеткен. Әсіресе, киіктердің Орал популяциясы өте көп. Осыған байланысты Батыс Қазақстанда киіктер санын реттеу бойынша мәселе туындап отыр."Қазір негізгі проблема Батыс Қазақстанда. Киіктер егіс алқаптарын жайпап, таптап жатыр. Сол себепті бұл жерде белгілі бір проблема бар. Қазір биологиялық негіздеме аяқталуға жақын. Оның нәтижесі бойынша біз киіктердің Орал популяциясын реттеу бойынша шешім қабылдаймыз", - деді Брекешев мәжіліс кулуарында журналистердің сұрағына жауап беріп.Ол киік санын реттеуге жануарларды ату да кіретінін атап өтті.Айтуынша, бұл мәселе бойынша жұмыс тобы құрылған. Оның құрамына барлық мүдделі орган, соның ішінде бас прокуратура мен ішкі істер министрлігінің өкілдері кірген.Бұған дейін Қазақстандағы киіктердің саны 1 миллион 318 мыңға дейін өскені хабарланған еді. Батыс Қазақстан облысындағы киік популяциясы 800 мың басқа жетті. Әлемдегі киіктің 95%-і Қазақстанда болса, оның 65%-і Батыс Қазақстанда.Өңірлерде шаруалар киік қаптап, егінімізді таптап жатыр деп шағымдануда. Осыған байланысты экология министрлігі табиғи жолмен өлген киік дериваттарын жинау жөнінде бұйрық жобасын әзірлеп, қоғам талқысына шығарған еді. Алайда көп ұзамай құжатты кері қайтарып алды.
https://sputnik.kz/20180515/5626330.html
батыс қазақстан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1014/43/10144318_245:97:895:585_1920x0_80_0_0_9f5ad59306a9aefad475344be58160a6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
батыс қазақстан облысы
Киіктерді атуға рұқсат берілуі мүмкін – экология министрі
11:27 15.06.2022 (жаңартылды: 09:47 09.08.2023) Қазіргі уақытта Қазақстан даласында киіктердің саны 1 миллион 318 мыңға жеткен
НҰР-СҰЛТАН, 15 маусым – Sputnik. Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев киіктерді атуға рұқсат берілуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оның айтуынша, бүгінгі таңда елімізде киіктердің саны 1 миллион 318 мыңға жеткен. Әсіресе, киіктердің Орал популяциясы өте көп. Осыған байланысты Батыс Қазақстанда киіктер санын реттеу бойынша мәселе туындап отыр.
"Қазір негізгі проблема Батыс Қазақстанда. Киіктер егіс алқаптарын жайпап, таптап жатыр. Сол себепті бұл жерде белгілі бір проблема бар. Қазір биологиялық негіздеме аяқталуға жақын. Оның нәтижесі бойынша біз киіктердің Орал популяциясын реттеу бойынша шешім қабылдаймыз", - деді Брекешев мәжіліс кулуарында журналистердің сұрағына жауап беріп.
Ол киік санын реттеуге жануарларды ату да кіретінін атап өтті.
"Егер біздің ғалымдар киіктер санын реттеу қажет десе, атуға рұқсат берілуі мүмкін. Биологиялық негіздемеден кейін киік санын реттеуге нақты лимиттер белгіленеді", - деді ол.
Айтуынша, бұл мәселе бойынша жұмыс тобы құрылған. Оның құрамына барлық мүдделі орган, соның ішінде бас прокуратура мен ішкі істер министрлігінің өкілдері кірген.
Бұған дейін Қазақстандағы киіктердің саны 1 миллион 318 мыңға дейін өскені хабарланған еді. Батыс Қазақстан облысындағы киік популяциясы 800 мың басқа жетті. Әлемдегі киіктің 95%-і Қазақстанда болса, оның 65%-і Батыс Қазақстанда.
Өңірлерде шаруалар киік қаптап, егінімізді таптап жатыр деп шағымдануда. Осыған байланысты экология министрлігі табиғи жолмен өлген киік дериваттарын жинау жөнінде бұйрық жобасын әзірлеп, қоғам талқысына шығарған еді. Алайда көп ұзамай құжатты кері қайтарып алды.