https://sputnik.kz/20220615/khalyqqa-qyzmet-korsetu-ortalyqtarynyn-zhumys-uaqyty-25551080.html
Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс уақытын қысқарту жоспарланып отыр
Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс уақытын қысқарту жоспарланып отыр
Sputnik Қазақстан
Қазір ХҚКО-лар жексенбі мен мерекелік күндерді қоспағанда, дүйсенбі мен сенбі аралығында сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін үзіліссіз істейді 15.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-15T17:10+0500
2022-06-15T17:10+0500
2023-08-10T17:03+0500
қоғам
хқко
https://sputnik.kz/img/1165/17/11651732_0:108:1198:782_1920x0_80_0_0_6c6ddb4e02a7cb2fe8f0a1e563b25a48.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 15 маусым – Sputnik. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс уақытын қысқартуды көздейтін бұйрық жобасын әзірледі.Құжат "Ашық НҚА" порталында жарияланған.Бұйрыққа сәйкес, ХҚКО-ның жұмыс уақыты дүйсенбі мен жұма аралығында сағат таңғы тоғыздан кешкі алтыға дейін қысқарады.Айта кетері, қазіргі таңда ХҚКО-лар жексенбі және мерекелік күндерді қоспағанда, дүйсенбіден сенбіні қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін үзіліссіз істейді.Қажет болған жағдайда өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметтердің дайын нәтижелерін беру дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 18.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсету кезекші бөлімдері арқылы жүзеге асырылады. Бірақ жексенбі, мереке және демалыс күндері кезекші бөлімдер істемейді.Негіздемеде айтылғандай, Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің санын 30%-ке қысқарту жоспарланып отыр. Осыған байланысты министрлік екі ауысымды жұмыс кестесіне (сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін және сағат 11.00-ден 20.00-ге дейін) көшуді орынсыз деп санайды."Іс жүзінде 9:00-ден 18:00-ге дейінгі жұмыс кестесіне ауысу оң динамиканы көрсетіп отыр. Бұл өзгеріс қызметкерлерді бір ауысымдық жұмыс кестесіне ауыстыруға, келісімді жалақы төлеу жүйесін енгізуге және нәтижесінде қызметкерлердің жоғары жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - делінген негіздемеде.Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет көрсететін бірқатар қосымша арналар бар. Олардың көмегімен ХҚКО-ға жүгінбей-ақ мемлекеттік қызметтерді алуға болады. Мысалы, egov.kz электронды үкімет порталы, "egov mobile" мобильдік қосымшасы және "ЦОН" мобильдік қосымшасы.Бұдан бөлек, министрлік жұмыс кестесін қысқарту және кезекші ХҚКО енгізу бюджетті үнемдеуге оң әсерін тигізетінін айтты.Бұйрық жобасы 29 маусымға дейін қоғам талқысына шығарылды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1165/17/11651732_131:0:1198:800_1920x0_80_0_0_ed3f52240c48f1af4841312eb2643ee3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
хқко
Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс уақытын қысқарту жоспарланып отыр
17:10 15.06.2022 (жаңартылды: 17:03 10.08.2023) Қазір ХҚКО-лар жексенбі мен мерекелік күндерді қоспағанда, дүйсенбі мен сенбі аралығында сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін үзіліссіз істейді
НҰР-СҰЛТАН, 15 маусым – Sputnik. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс уақытын қысқартуды көздейтін бұйрық жобасын әзірледі.
Құжат
"Ашық НҚА" порталында жарияланған.
Бұйрыққа сәйкес, ХҚКО-ның жұмыс уақыты дүйсенбі мен жұма аралығында сағат таңғы тоғыздан кешкі алтыға дейін қысқарады.
Айта кетері, қазіргі таңда ХҚКО-лар жексенбі және мерекелік күндерді қоспағанда, дүйсенбіден сенбіні қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін үзіліссіз істейді.
"Еңбек кодексіне сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметтердің дайын нәтижелерін беру Мемлекеттік корпорация арқылы дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жүзеге асырылады. Ал кезекші бөлімдер дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жұмыс істейді", - делінген бұйрық жобасында.
Қажет болған жағдайда өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметтердің дайын нәтижелерін беру дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 18.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсету кезекші бөлімдері арқылы жүзеге асырылады. Бірақ жексенбі, мереке және демалыс күндері кезекші бөлімдер істемейді.
Негіздемеде айтылғандай, Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің санын 30%-ке қысқарту жоспарланып отыр. Осыған байланысты министрлік екі ауысымды жұмыс кестесіне (сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін және сағат 11.00-ден 20.00-ге дейін) көшуді орынсыз деп санайды.
"Іс жүзінде 9:00-ден 18:00-ге дейінгі жұмыс кестесіне ауысу оң динамиканы көрсетіп отыр. Бұл өзгеріс қызметкерлерді бір ауысымдық жұмыс кестесіне ауыстыруға, келісімді жалақы төлеу жүйесін енгізуге және нәтижесінде қызметкерлердің жоғары жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - делінген негіздемеде.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет көрсететін бірқатар қосымша арналар бар. Олардың көмегімен ХҚКО-ға жүгінбей-ақ мемлекеттік қызметтерді алуға болады. Мысалы, egov.kz электронды үкімет порталы, "egov mobile" мобильдік қосымшасы және "ЦОН" мобильдік қосымшасы.
Бұдан бөлек, министрлік жұмыс кестесін қысқарту және кезекші ХҚКО енгізу бюджетті үнемдеуге оң әсерін тигізетінін айтты.
Бұйрық жобасы 29 маусымға дейін қоғам талқысына шығарылды.