Forbes тізіміндегі университет: инженер мамандығына қайда оқыған тиімді?

© Photo : Предоставлено Томским политехническим университетомТомск политехникалық университетінің студенттері
Томск политехникалық университетінің студенттері  - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.06.2022
Жазылу
Инженерлер әлемге Эйфель мұнарасы мен қысқа мерзімде мойындалған Нұр-Сұлтан қаласын сыйлады
НҰР-СҰЛТАН, 15 маусым — Sputnik. Сала мамандары жаңа қалалар салуды ғана емес, жалпы прогресті алға жылжыту бағытында қызмет атқарып келеді. Одан бөлек қазіргі уақытта Илон Маск сынды өнертапқыштардың есімі әлемге танылып, Forbes тізіміне кірді. Талапкерлер неліктен инженерлік білімді таңдайтынын Томск политехникалық университетінің (ТПУ) студенттері мен басшылары айтып берді. Айта кетері, аталмыш білім ордасында Қазақстанның 1600-ден астам студенті оқиды.

Бизнеспен ұштасқан инженерия

Қуаныш Құрманғожин ТПУ энергетика инженерлік мектебінің "Электроэнергетика және электротехника" бағыты бойынша бакалавриатты бітіріп, қазір инженерлік кәсіпкерлік мектебінің магистратурасында "Инноватика" бағытында білім алуда.
"Мен басқарудың заманауи тәжірибелерін, GR менеджментін, маркетингтік зерттеулерді, сандық дизайнды және тағы басқасын зерттеймін. Мен үшін бұл жерде оқу – бұл жай ғана білім алу емес, сондай-ақ нақты қызығушылығымды сәйкестендірудің алғашқы қадамы", – деді Қуаныш.
© Photo : Предоставлено Томским политехническим университетомҚуаныш Құрманғожин
Қуаныш Құрманғожин - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.06.2022
Қуаныш Құрманғожин
Ол стартап-жобаларға қызығушылық танытып, осы бағытта жұмыс істеуді жоспарлап отыр.
"Өз болашағымды осы бағытта көремін. Одан бөлек осы университет маған көмектесетініне сенімдімін. Практикалық және зертханалық сабақтар жиі өтеді. Дәріс барысында кәсіпкер ретінде жұмыс тәжірибесіне қол жеткіземін. Онда біз тапсырыс берушілерден нақты кейстерді талдаймыз. Яғни кейстерді қорғау кезінде сарапшылар келіп, атқарылған жұмысқа өз бағасын береді", – деді Қуаныш.

Ұлттық компаниядағы карьера

ТПУ-дің "Заманауи энергетика материалдарының химиялық технологиясы" мамандығын алған Бағдәулет Бадаев бүгінде уран өндірумен және өңдеумен айналысатын "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық компаниясында жұмыс істейді.
Бағдәулет мектеп қабырғасында жүрген кезінде-ақ болашақ мамандығын таңдап, Ресейдегі техникалық білімге қызығушылық танытты. Практикалық сабақтар университеттегі оқу бағдарламасының көп бөлігін қамтыды.
© Photo : Предоставлено Томским политехническим университетом Томск политехникалық университетінің студенттер жатақханасы
Томск политехникалық университетінің студенттер жатақханасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.06.2022
Томск политехникалық университетінің студенттер жатақханасы
"Жалпы ЖОО студенттерге тәжірибелік дағдыларды меңгеруге бағытталған. Томск политехникалық университеті маған осы бағытымен ұнады. Бізбен жақсы мағынасында консервативті оқытушылар жұмыс істеді. Мен заманауи ғылымның жетістіктеріне негізделген іргелі инженерлік білім алдым", - деп бөлісті Бағдәулет.
Университет басшылығының мәліметінше, ТПУ-да дәрістер мен тәжірибелік бағыттағы сабақтарды ғылым кандидаттары мен докторлары, академиктер жүргізеді. Университет мамандары халықаралық ұйымдар мен жобаларда жұмыс істейді, мысалы, ЦЕРН, ИТЭР, сондай-ақ ірі ғылыми зерттеулерге қатысады.

Студенттерге арналған ғылым

Жоғары оқу орнының түлектері мен қызметкерлерінің арасында әлемге әйгілі академиктер мен ғалымдар баршылық. Атап айтқанда: Нобель сыйлығының лауреаты Николай Семенов, Останкино мұнарасының конструкторы Николай Никитин, тікұшақ конструкторы Николай Камов, Қазақ КСР Ғылым академиясының тұңғыш президенті Қаныш Сәтбаев және тағы басқасын ауыз толтырып айтуға болады.
"Ресейде вакуумдағы пойыз қозғалысының алғашқы жобасын 1911 жылы ресейлік ғалым Борис Вейнберг ұсынған. Ол Томск технологиялық институтында капсуланы құбырға жылжыту бойынша тәжірибе жүргізді. Бірақ бірінші дүниежүзілік соғыс бұл идеяны жүзеге асыруға кедергі келтірді", – деді жоғары оқу орны.
Айта кетері, ТПУ студенттері бірінші курстан бастап ғылым мен жоғары технологиялар әлеміне қол жеткізе алады.
© Photo : Предоставлено Томским политехническим университетомҚуаныш Құрманғожин
Қуаныш Құрманғожин  - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.06.2022
Қуаныш Құрманғожин
"Томск политехникалық университетінде 68 ғылыми-зерттеу және ғылыми-білім беру зертханалары мен орталықтары бар. Олардың жұмысына ғылымға өз жолын бастаған студенттер де, жас мамандар да белсенді қатысып, заманауи ғылымның алдында тұрған маңызды міндеттерді шешеді. Мысалы, жаңа материалдар, экология және биомедициналық технологиялар және тағы басқалар", – деп түсіндірді ТПУ білім беру қызметі жөніндегі проректор Михаил Соловьев.
ТПУ ғылыми инфрақұрылымына ядролық реактор кіреді. Одан бөлек бұл – Ресейде жоғары оқу орнында жұмыс істейтін жалғыз реактор. Бұл – ғылыми және білім беру орталығы. Сондай-ақ ТПУ реакторы – бұл Росатомның шетелдіктер оқи алатын жалғыз нысаны.

Инфрақұрылым: спорт және өнер

Томск политехінің студенттері оқу мен ғылыми зерттеулерге баса назар аударады. Бірақ университет білім беру процестерінен тыс іс-шаралар ұйымдастырады.
"ЖОО-да шетелдік студенттерге қажетті білімді барынша ыңғайлы алуға ғана емес, сонымен қатар өзінің мәдени көкжиегін кеңейтуге мүмкіндік беретін мультимәдени ахуал қалыптасқан. Томск политехінде әлеуметтік-мәдени іс-шаралар, соның ішінде бізде оқитын шетелдік студенттерді әлеуметтендіруге бағытталған. Олардың ішінде ұлттық мәдениет күндері бар", - деді Михаил Соловьев.
© Photo : Предоставлено Томским политехническим университетомТомск политехникалық университетінің студенттері
Томск политехникалық университетінің студенттері  - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.06.2022
Томск политехникалық университетінің студенттері
Студенттердің сөзінше, ТПУ-да кез келген адам жанына жақын ісін таба алады.
"Мен барлық жерде: оқуыма да, жұмысыма да, хоббиіме де үлгеруге тырысамын. Мысалы, қазір ИШЭ-220 құрамасында би билеймін, одан бөлек өз би тобымды құрдым. Би тобымыз ЖОО-да өткен іс-шараларда бірнеше рет өнер көрсетті", - деп атап өтті Қуаныш Құрманғожин.

Кампус және спорт

Қажет болса, студенттер баспанамен қамтамасыз етіледі. Университет бұл қажеттілікті толығымен жабады. Сонымен қатар ТПУ барлық талапкеріне қабылдау емтихандары кезінде студенттер қалашығынан орын береді.
"Томск политехінің кампусы Ресейдегі ең жақсысының бірі. Ол Томскінің орталық бөлігінде өте жинақы орналасқан. Негізгі оқу ғимараттары қаланың басты даңғылында шоғырланған және "Еуропалық квартал" деп аталады. Осылайша, бұл жерді 20-ғасырдың басында ТПУ корпустарының ерекше сәулеттік стиліне байланысты "томичи" деп атады. Никитин, Камов, Сәтпаев көтерілген сатылар мен жүрген дәліздерде сенің де жүруің ерекше сезім... Бұл жерде заманауи зертханалар, жабдықтар бар. Біздің студенттік қалашықта 6 мыңнан астам студент тұратын 15 жатақхана бар. Олардың барлығы бір-біріне жақын", - деп түсіндірді Соловьев.
© Photo : Предоставлено Томским политехническим университетом Томск политехникалық университетінің кампусы
Томск политехникалық университетінің кампусы - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.06.2022
Томск политехникалық университетінің кампусы
Сондай-ақ ТПУ кампусында тұру үшін ғана емес, сонымен қатар оқуға және спортпен шұғылдануға дайындық үшін де барлық жағдай жасалған. Кітапханалар, жаттығу залдары, бассейн бар.
"ТПУ-да студент бойындағы барлық әлеуетті ашуға мүмкіндік қарастырылған. Әртүрлі бағыттағы жастар қозғалысын айтуға болады. Бос уақытымда жаттығу залына, бассейнге барып, шағын футбол ойнадым. Бітірген жылы менің екінші үйім ғылыми-техникалық кітапхана болды. Кітапхана жабылғанға дейін отырып, компьютерде уақыт өткізіп, кітап оқыдым. Әсіресе, автоматтандырылған дизайн үшін қажетті бағдарламалық жасақтама өте ұнады. Бұл диплом жазуда және дағдыларды жаңарту кезінде маңызды рөл атқарды", - деді Бағдәулет.

Оқуға түсу

Томск политехникалық университеті – 1896 жылы құрылған Ресейдің Азиялық бөлігіндегі ең көне инженерлік университет. Бір ғасырдан астам уақыт ішінде Томск политехін 170 мыңнан астам инженер бітірді. Бүгінгі таңда ТПУ ұлттық үздік-10 және халықаралық үздік-100 пәндік рейтингтердің қатарына кіреді. Одан бөлек Forbes журналының ресейлік жоғары оқу орындарының рейтингінде 7-орын алады. Университет Ресейдің білім және ғылым министрлігінің "Приоритет-2030" бағдарламасына қатысады.
"Университет Қазақстаннан студенттер санын көбейтуге мүдделі. Мысалы, бізде ТМД балалары үшін "Политехникалық олимпиада" өтіп жатыр. Ол математика, физика, химия, информатика, орыс тілі, қоғамтану, география және шығармашылық конкурс бойынша білім деңгейін бағалауға, сондай-ақ Томск политехіне түсу мәселелері бойынша мамандардан кеңес алуға көмектеседі", - деді Михаил Соловьев.
© Photo : Предоставлено Томским политехническим университетомТомск политехникалық университетінің бас корпусы
Томск политехникалық университетінің бас корпусы - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.06.2022
Томск политехникалық университетінің бас корпусы
Қазір университетте 11 мыңнан астам студент оқиды. Олардың 4000-ға жуығы – 65 мемлекеттен келген шетелдік студенттер. Олардың арасында Қазақстаннан 1600-ден астам студент бар. Шетелдік студенттер, сондай-ақ ресейлік студенттер ТПУ-ға бюджетке бакалавриат пен магистратураға түсе алады. 2022-2023 оқу жылына Томск политехінде барлығы 3443 бюджеттік орын ашылды.
Университет сайтында басқа ел азаматтары үшін оқуға түсуге қатысты толық ақпарат жарияланды. Сонымен қатар университеттің Telegram-да жеке боты бар. Ол талапкерлерге емтиханға дайындалуға және құжаттарды тапсыру нюанстарын түсіндіруде көмектеседі. Жеке бот дайындалуға арналған сұрақтарды жолдайды. Одан бөлек кәсіптік бағдар бойынша тестен өтуді ұсынып, дайындық курсын іріктеу бағытында жұмыс істейді.
Жаңалықтар
0