https://sputnik.kz/20220615/dunie-mulkin-tartyp-aly-prezident-25545146.html
Мен біреудің дүние-мүлкін тартып алып, бөлісуден аулақпын – президент
Мен біреудің дүние-мүлкін тартып алып, бөлісуден аулақпын – президент
Sputnik Қазақстан
"Россия 24" телеарнасының эфирінде жүргізуші Тоқаевтан заңсыз шығарылған активтер туралы сұрады 15.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-15T14:00+0500
2022-06-15T14:00+0500
2022-06-15T14:00+0500
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e6/04/04/23948639_2:0:2999:1686_1920x0_80_0_0_ac3f4cd6b1f88229ae8dc3923baf23fa.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 15 маусым – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстаннан активтер заңсыз шығарылғанын және оларды елге қайтару жұмысы жүріп жатқанын айтты. "Россия 24" телеарнасының эфирінде жүргізуші Тоқаевтан заңсыз шығарылған активтер туралы сұрады. "Екінші республиканың мақсаттарының бірі – әділдік. Бір нәрсені тартып алу және бөлу әділдікке жата ма? Әділдік іздеу жолында жаңа әділетсіздік тудыру қаупі жоқ па?" деп сұрады жүргізуші. Десе де президент кезінде елден активтер заңсыз шығарылғанын мойындады. "Адамдар көріп отыр ғой, біздің экономика басқа елдермен, атап айтқанда Ресеймен салыстырғанда соншалықты үлкен емес. Біз не әділ жасалғанын, не заңға қайшы жасалғанын анық көріп тұрмыз. Сол себепті бұл міндет өте маңызды, ол біртіндеп іске асырылып жатыр. Оның үстіне мен шетелге заңсыз шағырылған қаржыны қайтару бойынша ведомствоаралық комиссия құрдым. Бір-екі күнде қайтару мүмкін емес. Жылдар қажет болуы мүмкін. Бірақ бұл мәселемен айналысу керек", - деді ол. "Өйткені шынымен де мұндай активтер заңсыз шетелге шығарылды және олардың заңды иесін табуы керек. Ал заңды иесі Конституция бойынша біздің халқымыз. Халық атынан барлық активті мемлекет басқарады", - деп қосты Тоқаев.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/04/23948639_376:0:2624:1686_1920x0_80_0_0_37422d866cf338ff32b64abd33f68c14.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев
Мен біреудің дүние-мүлкін тартып алып, бөлісуден аулақпын – президент
"Россия 24" телеарнасының эфирінде жүргізуші Тоқаевтан заңсыз шығарылған активтер туралы сұрады
НҰР-СҰЛТАН, 15 маусым – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстаннан активтер заңсыз шығарылғанын және оларды елге қайтару жұмысы жүріп жатқанын айтты.
"Россия 24" телеарнасының эфирінде жүргізуші Тоқаевтан заңсыз шығарылған активтер туралы сұрады.
"Екінші республиканың мақсаттарының бірі – әділдік. Бір нәрсені тартып алу және бөлу әділдікке жата ма? Әділдік іздеу жолында жаңа әділетсіздік тудыру қаупі жоқ па?" деп сұрады жүргізуші.
"Әрине, ондай қауіп бар. Мен сұрағыңыздың астарын түсініп отырмын. Десе де менің тапсырмаммен заңсыз жекелешендірілген активтерді Қазақстанға қайтару бойынша комиссия құрылды. Мұндай активтер Қазақстанға қайтарылады. Бұл жерде ешқандай мәжбүрлеп тартып алу болмайды. Мен тартып алудан және бөлісуден аулақпын. Заңды жұмыс істейтін, заңнамаға сәйкес қызметін жүзеге асыратын орташа компанияларға қатысты ешқандай мәжбүрлеу болмайды", - деді Тоқаев.
Десе де президент кезінде елден активтер заңсыз шығарылғанын мойындады.
"Адамдар көріп отыр ғой, біздің экономика басқа елдермен, атап айтқанда Ресеймен салыстырғанда соншалықты үлкен емес. Біз не әділ жасалғанын, не заңға қайшы жасалғанын анық көріп тұрмыз. Сол себепті бұл міндет өте маңызды, ол біртіндеп іске асырылып жатыр. Оның үстіне мен шетелге заңсыз шағырылған қаржыны қайтару бойынша ведомствоаралық комиссия құрдым. Бір-екі күнде қайтару мүмкін емес. Жылдар қажет болуы мүмкін. Бірақ бұл мәселемен айналысу керек", - деді ол.
"Өйткені шынымен де мұндай активтер заңсыз шетелге шығарылды және олардың заңды иесін табуы керек. Ал заңды иесі Конституция бойынша біздің халқымыз. Халық атынан барлық активті мемлекет басқарады", - деп қосты Тоқаев.