https://sputnik.kz/20220615/aqtobede-sheneunikter-qarzhy-zhymqyrdy-25529877.html
Ақтөбеде шенеуніктер ауылдың су құбырын жөндеуге бөлінген қаржыны жымқырды
Ақтөбеде шенеуніктер ауылдың су құбырын жөндеуге бөлінген қаржыны жымқырды
Sputnik Қазақстан
Сотталушылар кінәні толық мойындап, ұрланған қаражатты мемлекетке қайтарған 15.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-15T07:03+0500
2022-06-15T07:03+0500
2023-08-09T12:45+0500
ақтөбе облысы
сыбайлас жемқорлық
https://sputnik.kz/img/07e4/09/1c/15071034_0:125:1201:800_1920x0_80_0_0_4e603bb753a4668d5fe23d1c8b5be3d8.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 15 маусым – Sputnik. Ақтөбенің Темір ауданында шенеуніктер Кеңкияқ пен Шұбарқұдық ауылдарындағы су құбырын жөндеуге бөлінген қаражатты талан-таражға салған. Бюджеттің 14 миллион теңгесін жеп қойды деп айыпталған аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы болған Жәнібек Айдашев пен оның екі сыбайласы сотталды, деп хабарлайды Астана тв.Сот материалы бойынша, аталған бөлім басшысы коммуналдық мекемесінің директорымен сөз байласып, өзінің досына тиесілі мердігер мекемемен құбырдың жөнделгені туралы жалған құжаттар жасаған. Сөйтіп, үшеуі бюджет қаражатын өзара бөліп алған. Сотталушылар кінәні толық мойындап, ұрланған қаражатты мемлекетке қайтарған. Бірақ, жазадан қашып құтыла алмады."Сот үкімімен Айдашевқа 2 жыл 6 ай, Советоваға 2 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сотталушылардың екеуі де өмір бойына мемлекетік қызметте еңбек ету құқығынан айырылды. Тілеуғалиге 3 жыл мерзімге пробациялық бақылау орнатыла отырып, бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды", - дейді Ақтөбе облыстық сотының баспасөз хатшысы Гүлжанар Отарбаева.
ақтөбе облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/09/1c/15071034_0:0:1067:800_1920x0_80_0_0_6126eb18119694686f95d89e748fc25a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақтөбе облысы, сыбайлас жемқорлық
ақтөбе облысы, сыбайлас жемқорлық
Ақтөбеде шенеуніктер ауылдың су құбырын жөндеуге бөлінген қаржыны жымқырды
07:03 15.06.2022 (жаңартылды: 12:45 09.08.2023) Сотталушылар кінәні толық мойындап, ұрланған қаражатты мемлекетке қайтарған
НҰР-СҰЛТАН, 15 маусым – Sputnik. Ақтөбенің Темір ауданында шенеуніктер Кеңкияқ пен Шұбарқұдық ауылдарындағы су құбырын жөндеуге бөлінген қаражатты талан-таражға салған.
Бюджеттің 14 миллион теңгесін жеп қойды деп айыпталған аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы болған Жәнібек Айдашев пен оның екі сыбайласы сотталды, деп хабарлайды
Астана тв.Сот материалы бойынша, аталған бөлім басшысы коммуналдық мекемесінің директорымен сөз байласып, өзінің досына тиесілі мердігер мекемемен құбырдың жөнделгені туралы жалған құжаттар жасаған.
Сөйтіп, үшеуі бюджет қаражатын өзара бөліп алған. Сотталушылар кінәні толық мойындап, ұрланған қаражатты мемлекетке қайтарған. Бірақ, жазадан қашып құтыла алмады.
"Сот үкімімен Айдашевқа 2 жыл 6 ай, Советоваға 2 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сотталушылардың екеуі де өмір бойына мемлекетік қызметте еңбек ету құқығынан айырылды. Тілеуғалиге 3 жыл мерзімге пробациялық бақылау орнатыла отырып, бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды", - дейді Ақтөбе облыстық сотының баспасөз хатшысы Гүлжанар Отарбаева.