Оқиға

Жетісу облысында жол апатынан екі адам қайтыс болып, сегіз адам жарақат алды

© Sputnik / Владислав Водневжедел жәрдем
жедел жәрдем - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.06.2022
Жазылу
Алдын ала мәлімет бойынша минивэн көлігі жолдың қарсы жолағына шығып, соқтығысуға жол берді
ТАЛДЫҚОРҒАН, 14 маусым – Sputnik. Алматы – Өскемен тас жолында минивэн мен жеңіл автокөлік соқтығысты.
Оқиға орнында екі адам көз жұмып, тағы 8 адам ауруханаға жатқызылды.
Жол апатының видеосы мен фотосы әлеуметтік желілерде тарады. Жазба авторы көліктердің соқтығысуы 14 маусымда Жетісу облысы Ақсу ауданына қарасты Қызылағаш ауылының маңында болғанын айтты.
Облыстық полиция департаменті Алматы – Өскемен тас жолының 336 шақырымында Toyota Alphard және Lada Priora автокөліктері соқтығысқанын хабарлады.
Алдын ала мәлімет бойынша қарсы қозғалыс жолағына шыққан минивэн жүргізушісі апатқа себепші болған.
"Оқиға орнында жеңіл көліктің жүргізушісі мен жолаушысы қайтыс болды. Микроавтобуста болған сегіз адам түрлі жарақатпен Талдықорғандағы ауруханаға жатқызылды", - деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жол апаты фактісі бойынша қылмыстық тергеу облыстық анықтау басқармасының өндірісіне берілді.
Жаңалықтар
0