https://sputnik.kz/20220614/resey-turkiya-men-iran-25514350.html
Ресей, Түркия мен Иран Сирия бойынша Астана процесіне қатысатынын растады – СІМ
Ресей, Түркия мен Иран Сирия бойынша Астана процесіне қатысатынын растады – СІМ
Sputnik Қазақстан
Іс-шараға кепіл мемлекеттердің, атап айтқанда Ресей, Түркия және Иранның, сондай-ақ Сирия үкіметі мен Сирия қарулы оппозициясының делегациясы қатысады 14.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-14T10:51+0500
2022-06-14T10:51+0500
2022-06-14T10:52+0500
саясат
сирия
https://sputnik.kz/img/07e6/06/0a/25456143_0:15:3587:2033_1920x0_80_0_0_48a1492d5fe89555074ac3a4c66bce59.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 14 маусым – Sputnik. Сирия бойынша Астана процесінің барлық тараптары 15-16 маусымда Қазақстан астанасында өтетін келіссөзге қатысатындарын растады. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді. Кездесуге бақылаушы ретінде БҰҰ Бас хатшысының Сирия бойынша арнайы елшісі кеңсесінің саяси мәселелер жөніндегі бас қызметкері Роберт Данн бастаған БҰҰ делегациясы, Иордания делегациясы, БҰҰ босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссарының және Халықаралық Қызыл Жарты Ай комитетінің өкілдері қатысады. Ресей делегациясын Ресей президентінің Сирия бойынша арнайы өкілі Александр Лаврентьев басқарса, Түркия тарапынан Түркия сыртқы істер министрлігі көпжақты департаментінің бас директоры Сельджук Унал қатысады. Иран делегациясына елдің сыртқы істер министрінің саяси мәселелер жөніндегі аға көмекшісі Әли Асгар Хаджи жетекшілік етеді. Шара басталардан бір күн бұрын кепіл елдердің өкілдері сарапшылар деңгейінде екіжақты және үшжақты консультациялар өткізуді көздеп отыр. Барлық тараптың қатысуымен өтетін пленарлық отырыс 16 маусымға жоспарланған.
https://sputnik.kz/20211121/agentter-Siriya-terrorister-18713318.html
сирия
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/06/0a/25456143_257:0:2988:2048_1920x0_80_0_0_66f4a3acf6536b645b6df20f41e78e15.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сирия
Ресей, Түркия мен Иран Сирия бойынша Астана процесіне қатысатынын растады – СІМ
10:51 14.06.2022 (жаңартылды: 10:52 14.06.2022) Іс-шараға кепіл мемлекеттердің, атап айтқанда Ресей, Түркия және Иранның, сондай-ақ Сирия үкіметі мен Сирия қарулы оппозициясының делегациясы қатысады
НҰР-СҰЛТАН, 14 маусым – Sputnik. Сирия бойынша Астана процесінің барлық тараптары 15-16 маусымда Қазақстан астанасында өтетін келіссөзге қатысатындарын растады. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.
Кездесуге бақылаушы ретінде БҰҰ Бас хатшысының Сирия бойынша арнайы елшісі кеңсесінің саяси мәселелер жөніндегі бас қызметкері Роберт Данн бастаған БҰҰ делегациясы, Иордания делегациясы, БҰҰ босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссарының және Халықаралық Қызыл Жарты Ай комитетінің өкілдері қатысады.
Ресей делегациясын Ресей президентінің Сирия бойынша арнайы өкілі Александр Лаврентьев басқарса, Түркия тарапынан Түркия сыртқы істер министрлігі көпжақты департаментінің бас директоры Сельджук Унал қатысады. Иран делегациясына елдің сыртқы істер министрінің саяси мәселелер жөніндегі аға көмекшісі Әли Асгар Хаджи жетекшілік етеді.
Шара басталардан бір күн бұрын кепіл елдердің өкілдері сарапшылар деңгейінде екіжақты және үшжақты консультациялар өткізуді көздеп отыр.
Барлық тараптың қатысуымен өтетін пленарлық отырыс 16 маусымға жоспарланған.