https://sputnik.kz/20220614/resey-fukuyamanyn-pikirine-ne-sebepti-nazar-audaryp-otyr-25681268.html
Ресей Фукуяманың пікіріне не себепті назар аударып отыр
Ресей Фукуяманың пікіріне не себепті назар аударып отыр
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 14 маусым – Sputnik. Батыста Макронның Ресейдің намысына тимеуге қатысты үндеуін қызу талқылап жатыр. Іс жүзінде Батыс Ресейді кемсіте алмайды... 14.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-14T20:48+0500
2022-06-14T20:48+0500
2022-06-21T17:50+0500
ресей
https://sputnik.kz/img/393/03/3930388_0:284:3077:2015_1920x0_80_0_0_ec5cdca7d76aea06ce0aef1be74a9bc4.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 14 маусым – Sputnik. Батыста Макронның Ресейдің намысына тимеуге қатысты үндеуін қызу талқылап жатыр. Іс жүзінде Батыс Ресейді кемсіте алмайды. Өйткені біреуді кемсіту үшін ол саған тәуелді болуы керек. Ал Батыс пен Ресей арасында мұндай байланыс жоқ, деп жазды РИА Новости.Франция президенті Эммануэль Макронның мәлімдемесіне қарсы уәж айтқандар параллель кеңістікте тіршілік ететін секілді. Олар Ресейді жеңу мүмкін бе деген мәселені ойлап жатқан жоқ. Себебі олар Ресейді жеңетіндеріне кәміл сенімді. Бұл туралы саясаткерлермен қатар түрлі танымал тұлғалар да пікір білдіріп жатыр.Олардың қатарында америкалық философ Фрэнсис Фукуяма да бар. Оның WELT басылымына берген сұхбаты осындай ойларға толы. 1989-шы жылдары тарихтың аяқталып, либералды демократия дәурені басталатыны туралы болжамымен танымал болған адам үшін кезекті рет арандатушылық және орындалуы екіталай ойлармен бөлісу әдетке айналғаны байқалады.Киевте Фукуяманы аса жоғары құрметтейді. Жақында оны Украинаны қалпына келтіру бойынша ұлттық кеңеске кеңесші ретінде қабылдады. Енді Фукуяма өзінің түрлі бағыттағы ойларымен бөлісіп жатыр.Ол ең алғашқы ойымен арнайы әскери операция басталғаннан кейін наурызда бөліскен болатын. Сол шақта профессор былай деді:Яғни Фукуяма бұған дейін өзі де мойындаған либерализмнің құлдырауын енді аяқталмаған акт деп атап отыр. Маусымның басында Фукуяма барлығы ойдағыдай жүріп жатқанына, Ресей жеңіліп, жаңа әлем тәртібі орнатылып жатқанына көз жеткізіп қойған:"Иә, бұл жаңа тәртіп дәл қазір қалыптасып жатыр. Бұл Батыс демократиясы лагерінің Ресей мен Қытай сияқты авторитарлық режимдерге қарсы ұзақ жылдар бойы жүргізген күресінің нәтижесі. Бұл соғыс осы процестің шарықтау шегі болып табылады. Ресей жеңіліске қарай бет алды. Ұрыс даласында бірнеше жеңіліс болып, енді Украина әскері ресейліктерді Донбастан қуып шығады. Бұл Путиннің үлкен сәтсіздігі. Бұл соғыстағы жеңіліс қана емес, саяси сәтсіздік", - деді Фукуяма.Ол Швеция мен Финляндияның әскери альянсқа кіруіне де қатысты пікір білдірді."НАТО-ға Швеция мен Финляндия қосылатын шығар. Батыс көптен бері соншалықты күш біріктірген емес. Германия соңғы 40 жылдағы шығыс саясатын қайта қарап, Украинаға ауыр қару-жарақ жеткізіп жатыр. АҚШ Трамп тұсында уыстан шығарып ала жаздаған әлемдегі жетекші рөлін қайтадан айқындады. Батыс шабуыл астында қалған Украинаға жаппай көмек көрсетіп жатыр. Ресейге бұл тұңғиықтан шығу өте қиын болады. Ол Солтүстік Корея сияқты халықаралық әлемдік тәртіптен шығарылады", – деп жазды философ.Егер Фукуяманың бұл оптимистік көзқарасы түсініксіз болса, оның Ресей президенті туралы ойы тіпті таңғалдырады:"Путин ешбір шектеусіз жалғыз өзі басқарады, сонымен қатар ол ақпарат пен сарапшылық кеңестерден жұрдай. Ол өзінің адасқан идеяларының әлемінде өмір сүреді. Украина осыған мысал. Путин өз иллюзияларына сенеді және елде бір адамның үстемдігі арқасында ол қиялынан айнитын емес. Сонымен қатар оның психикалық денсаулығында ақау бар екені анық. Ол параноидты адам. Ол ешкімді тыңдамайды және қиялдың жетегінде жүреді. Бұл кез келген авторитарлық ел үшін қалыпты қауіп", - дейді америкалық ойшыл.Фукуяма Киевке көп рет сапар жасаған сайын оған осындай мәлімет берілген болуы керек. Жалпы Ресей Фукуяманың пікіріне не себепті назар аударып отыр? Мұның екі тұсы бар."Біріншісі – Батыс ықпалды философ деп таныған тұлға кәдімгі үгіт-насихатшыға айналды және оның тарихтың қай бағытта өзгеріп жатқаны мен жалпы материалдан еш хабары жоқ екені аңғарылады. Екіншісі – Фукуяма Батыс үшін маңызды сұрақтарға жауабы бар беделді ойшыл ретінде қалып отыр. Сондықтан мұны соқыр жетегіндегі соқыр деп сипаттауға болады", - деп жазды РИА Новости.Материал авторының пікірінше, Батыстың Ресейді жете түсінбеуі, оның күш-қуаты мен мүмкіндіктерін, мақсаты мен бағдарын ұғынбау орыстарға пайда әкеледі.
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/393/03/3930388_202:0:2933:2048_1920x0_80_0_0_86ce931c102055c829c25e46ffd9ba64.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ресей
НҰР-СҰЛТАН, 14 маусым – Sputnik. Батыста Макронның Ресейдің намысына тимеуге қатысты үндеуін қызу талқылап жатыр. Іс жүзінде Батыс Ресейді кемсіте алмайды. Өйткені біреуді кемсіту үшін ол саған тәуелді болуы керек. Ал Батыс пен Ресей арасында мұндай байланыс жоқ, деп жазды
РИА Новости. Франция президенті Эммануэль Макронның мәлімдемесіне қарсы уәж айтқандар параллель кеңістікте тіршілік ететін секілді. Олар Ресейді жеңу мүмкін бе деген мәселені ойлап жатқан жоқ. Себебі олар Ресейді жеңетіндеріне кәміл сенімді. Бұл туралы саясаткерлермен қатар түрлі танымал тұлғалар да пікір білдіріп жатыр.
Олардың қатарында америкалық философ Фрэнсис Фукуяма да бар. Оның WELT басылымына берген сұхбаты осындай ойларға толы. 1989-шы жылдары тарихтың аяқталып, либералды демократия дәурені басталатыны туралы болжамымен танымал болған адам үшін кезекті рет арандатушылық және орындалуы екіталай ойлармен бөлісу әдетке айналғаны байқалады.
Киевте Фукуяманы аса жоғары құрметтейді. Жақында оны Украинаны қалпына келтіру бойынша ұлттық кеңеске кеңесші ретінде қабылдады. Енді Фукуяма өзінің түрлі бағыттағы ойларымен бөлісіп жатыр.
Ол ең алғашқы ойымен арнайы әскери операция басталғаннан кейін наурызда бөліскен болатын. Сол шақта профессор былай деді:
"Украинада кең либералды демократиялық тәртіп салтанат құрайын деп отыр. Бұл осы ел, Украина үшін ғана күрес емес. Шындығында, бұл 1991 жыл және бұрынғы Кеңес Одағының ыдырауынан кейін орын алған либералдық демократия саласының толық кеңеюін кері қайтару әрекеті".
Яғни Фукуяма бұған дейін өзі де мойындаған либерализмнің құлдырауын енді аяқталмаған акт деп атап отыр. Маусымның басында Фукуяма барлығы ойдағыдай жүріп жатқанына, Ресей жеңіліп, жаңа әлем тәртібі орнатылып жатқанына көз жеткізіп қойған:
"Иә, бұл жаңа тәртіп дәл қазір қалыптасып жатыр. Бұл Батыс демократиясы лагерінің Ресей мен Қытай сияқты авторитарлық режимдерге қарсы ұзақ жылдар бойы жүргізген күресінің нәтижесі. Бұл соғыс осы процестің шарықтау шегі болып табылады. Ресей жеңіліске қарай бет алды. Ұрыс даласында бірнеше жеңіліс болып, енді Украина әскері ресейліктерді Донбастан қуып шығады. Бұл Путиннің үлкен сәтсіздігі. Бұл соғыстағы жеңіліс қана емес, саяси сәтсіздік", - деді Фукуяма.
Ол Швеция мен Финляндияның әскери альянсқа кіруіне де қатысты пікір білдірді.
"НАТО-ға Швеция мен Финляндия қосылатын шығар. Батыс көптен бері соншалықты күш біріктірген емес. Германия соңғы 40 жылдағы шығыс саясатын қайта қарап, Украинаға ауыр қару-жарақ жеткізіп жатыр. АҚШ Трамп тұсында уыстан шығарып ала жаздаған әлемдегі жетекші рөлін қайтадан айқындады. Батыс шабуыл астында қалған Украинаға жаппай көмек көрсетіп жатыр. Ресейге бұл тұңғиықтан шығу өте қиын болады. Ол Солтүстік Корея сияқты халықаралық әлемдік тәртіптен шығарылады", – деп жазды философ.
Егер Фукуяманың бұл оптимистік көзқарасы түсініксіз болса, оның Ресей президенті туралы ойы тіпті таңғалдырады:
"Путин ешбір шектеусіз жалғыз өзі басқарады, сонымен қатар ол ақпарат пен сарапшылық кеңестерден жұрдай. Ол өзінің адасқан идеяларының әлемінде өмір сүреді. Украина осыған мысал. Путин өз иллюзияларына сенеді және елде бір адамның үстемдігі арқасында ол қиялынан айнитын емес. Сонымен қатар оның психикалық денсаулығында ақау бар екені анық. Ол параноидты адам. Ол ешкімді тыңдамайды және қиялдың жетегінде жүреді. Бұл кез келген авторитарлық ел үшін қалыпты қауіп", - дейді америкалық ойшыл.
Фукуяма Киевке көп рет сапар жасаған сайын оған осындай мәлімет берілген болуы керек. Жалпы Ресей Фукуяманың пікіріне не себепті назар аударып отыр? Мұның екі тұсы бар.
"Біріншісі – Батыс ықпалды философ деп таныған тұлға кәдімгі үгіт-насихатшыға айналды және оның тарихтың қай бағытта өзгеріп жатқаны мен жалпы материалдан еш хабары жоқ екені аңғарылады. Екіншісі – Фукуяма Батыс үшін маңызды сұрақтарға жауабы бар беделді ойшыл ретінде қалып отыр. Сондықтан мұны соқыр жетегіндегі соқыр деп сипаттауға болады", - деп жазды РИА Новости.
Материал авторының пікірінше, Батыстың Ресейді жете түсінбеуі, оның күш-қуаты мен мүмкіндіктерін, мақсаты мен бағдарын ұғынбау орыстарға пайда әкеледі.