Қазақстан ғалымдары "ауа райын болжаушыны" әзірлеуге атсалысты

© Photo : Андрей БондаровичАгроклиматты зерттеуге арналған автоматты метеостанция
Агроклиматты зерттеуге арналған автоматты метеостанция - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.06.2022
Жазылу
Қазақстан топырағының құнарлылығын климат болжамының көмегімен арттыруға болады
НҰР-СҰЛТАН, 14 маусым – Sputnik. Ауа райын болжау арқылы топырақ құнарлылығын сақтауға және арттыруға болады. Осы мақсатта Алтай мемлекеттік университетінің "Үлкен Алтай" ҒБО және Қазақстандағы А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының халықаралық зерттеушілер ұжымы бірлесіп метеостанциялардан материалдарды автоматты түрде талдайтын сервис әзірледі.
Мамандардың пікірінше, сервистен алынған ақпарат ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне нақты жағдайларға бейімделуге және шаруашылық жүргізудің заманауи әдістерін әзірлеуге көмектеседі. Ғалымдардың пікірінше, мұндай кәсіпорындардың өнімділігі елдің экономикасы мен әл-ауқатына оң әсер етеді. Бұл туралы жобаны әзірлеуші ғалымдар хабарлады.

Теріс тенденция

Қазақстан ғалымдарының айтуынша, соңғы жылдары елдегі климат өзгеріске ұшырады. Көктем мен жаз ыстық, ал көктем – желді болды. Сонымен қатар мамандар қысқы және жазғы жауын-шашынның таралуындағы ауытқуға да тоқталды. Қыстың бірінші жартысында қар аз, ал маусым айында егістікке өте қажет жаңбыр енді кеш келеді. Мұның бәрі өнімділікке, мал шаруашылығына және өсімдік шаруашылығына теріс әсер етеді.
© Photo : Андрей БондаровичАгроклиматты зерттеуге арналған автоматты метеостанция
Автоматическая метеостанция для изучения агроклимата - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.06.2022
Агроклиматты зерттеуге арналған автоматты метеостанция
"Соңғы онжылдықта біз климаттық жағдайлардың күрт өзгеруін байқаймыз. Агрономдардың технологиялық жұмыс стратегиясының өзгеруі осыған байланысты. Оларды жаңа метеожағдайда түзету керек. Климаттың күрт өзгеруі – бұл қазіргі заманғы сынақ. Өз кезегінде бұл ел экономикасына қатты әсер етеді", - деді Бараев атындағы астық шаруашылығы ҒӨО бейімделу және агроландшафттық технологиялар зертханасының меңгерушісі Қанат Ашкалов.
Оның айтуынша, топырақ құнарлылығының төмендеуі климаттың өзгеруімен күшейіп, агробионалуантүрліліктің жоғалуына, топырақ пен өсімдіктердің су режимінің нашарлауына әкелуі мүмкін. Климаттың болжамы топырақтың құнарлылығын сақтау және жақсарту үшін табиғатты қорғайтын егіншілікті жоспарлауға мүмкіндік береді.
Алтай мемлекеттік университетінің "Үлкен Алтай" алтаистика және түркология ғылыми-білім беру орталығының ғалымдары соңғы 80 жылдағы метеостанциялардан деректерді жинайтын және бірнеше минут ішінде климаттық өзгерістерді бағалайтын компьютерлік бағдарлама әзірледі.
© Photo : Елена ПонькинаКлиматты зерттеу үшін бағдарламалық технология пайдаланылады
Использование программного обеспечения для изучения климата - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.06.2022
Климатты зерттеу үшін бағдарламалық технология пайдаланылады
Ғалымдар тестілеу режимінде Үлкен Алтай мен Орталық Азияның, соның ішінде Қырғызстанның 840 метеостанциясы бойынша деректерді өңдеді.
"Бағдарламалық қамтамасыз ету жұмысының нәтижесінде біз деректердің толық жиынтығын аламыз және климаттық өзгерістерді, атап айтқанда, 100 жылға есептелген орташа жылдық температура мен жауын-шашын сомаларының күтілетін өзгерісін бағалаймыз", - деп атап өтті бағдарламаны әзірлеушілердің бірі Елена Понькина.
Өнім Ресей ғылым және білім министрлігінің қолдауымен "Үлкен Алтайдың түркі әлемі: тарих пен қазіргі замандағы бірлік пен саналуандылық" жобасы шеңберінде жасалған. Одан бөлек жобаны әзірлеушілердің пікірінше, өнім Азия елдеріндегі әріптестеріне пайдалы болады.

Егіншілік өнері

Ғалымдардың айтуынша, мұндай талдауды кез келген таңдалған аумақта жасауға болады. Тек метеостанциялардың тізімін дайындау, оған сәйкес деректерді жүктеу және өңдеу қажет.
"Қазір біз Қазақстанның түрлі климаттық аймақтарында климаттың өзгеруіне мониторинг жүргізіп жатырмыз. Осы заңдылықтардың негізінде жекелеген аумақтар үшін ұсыныстар жасалады. Бұл ауыл шаруашылығы ұйымдарына егіншіліктегі стратегия мен тактиканы жоспарлауға негіз болады", – деп түсіндірді Қанат Ашкалов.
© Photo : Елена ПонькинаПавлодар облысында автоматты метеостанция орнату процесі
Процесс установки автоматической метеостанции в сухой степи в Павлодарской области - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.06.2022
Павлодар облысында автоматты метеостанция орнату процесі
Оның айтуынша, егер ауа райының өзгеру заңдылықтарын, жел режимін білсеңіз немесе аяздың алдын ала алсаңыз, жерді пайдалану аумағында ауылшаруашылық дақылдарын орналастыруға болады. Бұл жағдайда ол ауа райының өзгеруіне оң әсер етеді. Бұл ылғалды жерде мәдениет болуы, сондай-ақ құрғақшылыққа және ыстыққа бейімделуі мүмкін. Сонымен қатар белгілі бір аумақтардағы климат туралы мәліметтер селекционерлерге ауа райының қыңырлығына төтеп бере алатын өсімдік сорттарын жасауға көмектеседі.
"Біз бағдарламаны дамыту бойынша жұмысты жалғастырудамыз. Атап айтқанда, климаттық өзгерістерді болжау және аумақты аймақтарға бөлу бойынша бірқатар арнайы рәсімдерді әзірлеудеміз. Мысалы, климаттың қуаңшылық дәрежесі бойынша бұл Орталық Азия елдері үшін өте өзекті", – деген Елена Понькина жоспарларымен бөлісті.

Климат және экономика

Ғалымдардың пікірінше, жоба бүкіл Еуразия құрлығының мүдделеріне әсер етеді. Ауыл шаруашылығы немесе мал шаруашылығы сияқты ірі салаларға әсер ететін елдердің біріндегі ауа райы сауда мен экономикалық қатынастарда да із қалдырады. Мысалы, егер егін аз болса, нарықта тапшылық пайда болуы мүмкін, нәтижесінде бағаның өсуіне әкеледі. Сонымен қатар бұл деректер жаһандық климаттың өзгерісін зерттеуге көмектеседі. Қазақстанның егістік жерлерінің көміртегі сыйымдылығының әлеуетін жаһандық жылыну қаупіне байланысты ескеру қажет.
"Климат жөніндегі деректер жаһандық жылыну мен көміртегі теңгерімі тақырыптарына шығуға мүмкіндік береді. Біз орталық Азия метеостанциялары бойынша деректермен жұмыс істей отырып, жылыну бойынша жалпы трендтің расталатынын көрдік. Бірақ метеостанциялардың орналасатын жеріне байланысты өңірлік айырмашылықтар кездеседі. Биік таулы метеостанциялардың өзіндік ерекшелігі бар", – деп түсіндірді жобаны әзірлеушілердің бірі, Алтай мемлекеттік университетінің экономикалық география және картография кафедрасының доценті Андрей Бондарович.
Бағдарлама метеорологиялық, агрономиялық және географиялық мамандықтағы студенттерді оқытуда да қолданылады, дейді авторлар. Қазіргі уақытта Қазақстанда климат неғұрлым тұрақты деп сипатталған ескі оқулықтар бойынша оқиды. Болашақ мамандарды даярлау және елді білікті кадрлармен қамтамасыз ету үшін студенттерді нақты ауа райы жағдайларын талдауға үйретуге бағытталады.
Жобаны әзірлеушілер тобына Алтай мемлекеттік университетінің студенті Кирилл Рупасов және С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің PhD докторы Әлия Нұғыманова кірді.
Жаңалықтар
0