Қазақстанда алғаш рет "Айбоз" ұлттық әдеби сыйлығы табысталады

© Photo : bobbi7қалам
қалам - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.06.2022
Жазылу
Ұлттық әдеби сыйлық жеті номинация бойынша жарияланады
НҰР-СҰЛТАН, 14 маусым – Sputnik. Мәдениет және спорт министрлігі алғаш рет "Айбоз" ұлттық әдеби сыйлығы табысталатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ұлттық әдеби сыйлық жеті номинация бойынша жарияланады.
Олар:
Үздік проза;
Үздік поэзия;
Үздік драматургия;
Үздік әдеби аударма;
Үздік балалар әдебиеті;
Үздік комикс;
Үздік кітап дизайны.
Конкурсқа отандық қаламгерлер қатыса алады.
Ал шығармалар 15 маусым мен 1 қазан аралығында aiboz@kitap-palatasy.kz электронды поштасы арқылы қабылданады.
Әдеби сыйлық жыл соңында табысталады.
Жаңалықтар
0