Қоғам

Қазақ-қырғыз шекарасындағы кептелістің себебі белгілі болды

© Sputnik / Табылды Кадырбеков / Медиабанкке өтуАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.06.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 14 маусым – Sputnik. Қырғызстанмен шекарадағы кептеліске автокөлікпен бензин таситындар себеп болып отыр. Бұл туралы Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті мәлімдеді.
"Қазақстан мен Қырғызстандағы жоғары сұранысқа ие бензин маркаларының бағасындағы айырмашылыққа байланысты қазіргі уақытта қазақ-қырғыз шекарасында жанар-жағармай (бензин) тасымалдайтын автокөліктердің көбейгені байқалады", - делінген хабарламада.
ҰҚК ақпаратынша, жүргізушілер қауіпсіздік ережелерін сақтамайды. Мәселен, өндіруші зауыт қарастырмаған қосымша бензин бактарын орнатқан немесе оларды кеңейткен.
"Тасымалдаушыларға мемлекеттік шекараны кесіп өту жиілігіне шектеу қойылмағандықтан, қазір өткізу пунктерінің жүктемесі едәуір артып отыр. Сондай-ақ бұл шекара өткелдеріне жақын жерде автокөліктердің жиналуына алғышарт тудырады", - деді комитеттегілер.
Бұдан бөлек, жеке автокөлігін жанар-жағармай тасымалдау үшін пайдаланатын азаматтар көбіне қауіпсіздік ережелерін елемейді. Ал мұның соңы қайғылы салдарға әкелуі мүмкін, деп ескертті ҰҚК.
Осыған байланысты Шекара қызметі мұндай тәсілмен жанар-жағармай тасымалдауды тоқтатуға кеңес берді.
Шекарадан өту бойынша кеңес алу үшін мына нөмірге хабарласуға болады: 8 (7172) 719-549.
Жаңалықтар
0