Өңірлер

Павлодарда көше атаулары өзгереді: 17 жаңа атау талқылауға шығарылды

Павлодар
Павлодар - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.06.2022
Жазылу
27 маусымға дейін қала тұрғындары өз пікірін білдіре алады
НҰР-СҰЛТАН, 14 маусым – Sputnik. "Ашық НҚА" сайтында Павлодар көшелерінің атауын өзгерту жобасы жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
27 маусымға дейін бұл құжат бойынша қала тұрғындары өз пікірін білдіре алады. Жаңа атаулар талқылауға шығарылды:
Мира көшесі - Олжабай батыр көшесі;
Урицкий көшесі - Генерал Смағұлов көшесі;
1-ші Южная көшесі - Бірлік көшесі;
2-ші Южная көшесі - Кәукен Кенжетаев көшесі;
Парковая көшесі - Мұқағали Мақатаев көшесі;
Донецкая көшесі - Мағжан Жұмабаев көшесі;
Кубанская көшесі - Қалмұқан Исабай көшесі;
Совхозная көшесі - Рафиқа Нұртазина көшесі;
Таганрогская көшесі - Қазанғап би көшесі;
Ангарская көшесі - Нағымбек Нұрмұхаммедов көшесі;
Читинская көшесі - Аманжол Шәмкенов көшесі;
Декабристер көшесі - Қамар Қасымов көшесі;
Юннаттар көшесі - Дихан Әбілев көшесі;
1-ші Советов, 2-ші Советов көшесі - Генерал Бәкіров көшесі;
Зыряновская көшесі - Қабдыкәрім Ыдырысов көшесі;
Саянская көшесі - Алма Әжібаева көшесі;
Лесная көшесі - Ағайынды Дүйсембиновтер көшесі.
Былтыр осы атауларды өзгерту бойынша онлайн қоғамдық тыңдаулар өткен болатын. Бірақ шараны ұйымдастыру деңгейіне көп сын айтылып, тіпті шенеуніктер жазаланған. Ол кезде павлодарлықтардың талқылауына 30 жаңа көше атауы енгізілсе, кейін олардың саны азайып, бүгінде жобада 17 ғана атау қалды.
Биліктің бұл бастамасына әлеуметтік желі қолданушыларының пікірі біржақты емес. Біреулер жаңа атау беруді қолдаса, енді біреулер ол атаулар шағын қала ауқымында ғана екенін айтып жатыр. Олардың қатарында Мәншүк Мәметова, Бауыржан Момышұлы, Дінмұхамед Қонаев, Әлия Молдағұлова сияқты қазақстандық тұлғалардың есімі жоқтығын атап өткен.
Жаңалықтар
0