Мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша 175,8 млрд теңге жәрдемақы төленді

© Photo : Фонд развития социальных проектов "Samruk-Kazyna Trust"Архивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.06.2022
Жазылу
Мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері – 52 318 теңге, асыраушыдан айырылу жағдайы бойынша төленетін жәрдемақы – 45 906 теңге
НҰР-СҰЛТАН, 14 маусым – Sputnik. 1 маусымдағы жағдай бойынша қазақстандықтарға мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша 175,8 миллиард теңгеден астам қаражат төленді.
Оның ішінде 2022 жылдың мамыр айында республикалық бюджеттен мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 27,7 миллиард теңге, асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақы төлеуге 8,2 миллиард теңге жұмсалды, деп хабарлады еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
"2022 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардың саны 528,9 мың, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша 180,1 мыңға жетті", - делінген хабарламада.
Мүгедектік және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері мүгедектік тобына және себебіне, қайтыс болған (қаза тапқан) асыраушының асырауындағы адам санына, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған "Республикалық бюджет туралы" заңда белгіленетін ең төменгі күнкөріс деңгейіне байланысты болады.
2022 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері – 52 318 теңге, асыраушыдан айырылу жағдайы бойынша төленетін жәрдемақы – 45 906 теңге.
Жаңалықтар
0