Ерлан Қарин Қазақстанның мемлекеттік кеңесшісі лауазымына тағайындалды

© Sputnik / Владислав ВодневЕрлан Карин
Ерлан Карин  - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.06.2022
Жазылу
Президент мемлекеттік кеңесшісінің мәртебесі мен өкілеттігін айқындайтын жарлыққа қол қойды
НҰР-СҰЛТАН, 14 маусым – Sputnik. Ерлан Қарин Қазақстан Республикасының мемлекеттік кеңесшісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.
"Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 19) тармақшасына сәйкес Ерлан Тынымбайұлы Қарин Қазақстан Республикасының мемлекеттік кеңесшісі лауазымына тағайындалсын", - делінген хабарламада.
Президент мемлекеттік кеңесшісінің мәртебесі мен өкілеттігін айқындайтын жарлыққа қол қойды.
Президент қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасының мемлекеттік кеңесшісі Қазақстан Республикасының президенті лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын Қазақстан Республикасының лауазымды адамы болып табылады.
"Мемлекеттік кеңесші өзінің қызметін Қазақстан Республикасы президентінің тікелей басшылығымен жүзеге асырады, оған есеп береді және бақылауында болады, - делінген қаулыда.
Жаңалықтар
0