https://sputnik.kz/20220614/ekonomika-ministr-azyq-tulik-baga-25517755.html
Ұлттық экономика министрі азық-түлік бағасы жайлы: жай ғана күту керек
Ұлттық экономика министрі азық-түлік бағасы жайлы: жай ғана күту керек
Sputnik Қазақстан
Министр қазақстандықтарға артық шығындарды қысқартуға кеңес берді 14.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-14T12:40+0500
2022-06-14T12:40+0500
2023-08-10T17:15+0500
азық-түлік
https://sputnik.kz/img/318/09/3180979_0:183:3505:2154_1920x0_80_0_0_1a42542d656e9396ff84cf30c260cad4.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 14 маусым – Sputnik. Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров азық-түліктің қымбаттап кетуі тек Қазақстандағы емес, бүкіл әлемдегі проблема екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Үкімет кулуарында журналистер қазақстандықтар жалақысының жартысынан астамын тамаққа жұмсауға мәжбүр екенін айтып, азық-түлік неге сонша қымбаттап кеткенін сұрады.Ол нарық толығымен бейімделгенше, бағаның құбылуы сақталатынын атап өтті.Осы орайда ұлттық экономика министрі инфляциядан зардап шегіп отырған қазақстандықтарға кеңес берді."Шама-шарқынша бюджетті оңтайландырып, артық шығындарды қысқарту керек. Біз мұндай кезеңдерден өттік. Өкінішке қарай, экономика циклдік, ара-тұра мұндай мәселелер туындап отырады. Біз қазір инфляцияның шыңына жеткен жоқпыз, бірақ ол 2015-2016 жылдары болған еді. Қазір соңғы екі-үш аймен салыстырғанда, жағдай тұрақталуға тиіс. Менің ойымша, жай ғана күту қажет", - деді Қуантыров.Бұған дейін Ұлттық банк инфляция 14%-ке жеткенін хабарлады. Азық-түлік инфляциясы 19%-ті құраған.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/318/09/3180979_194:0:3309:2336_1920x0_80_0_0_0c58de2e160cb7625e75699b37785ed4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
азық-түлік
Ұлттық экономика министрі азық-түлік бағасы жайлы: жай ғана күту керек
12:40 14.06.2022 (жаңартылды: 17:15 10.08.2023) Министр қазақстандықтарға артық шығындарды қысқартуға кеңес берді
НҰР-СҰЛТАН, 14 маусым – Sputnik. Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров азық-түліктің қымбаттап кетуі тек Қазақстандағы емес, бүкіл әлемдегі проблема екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Үкімет кулуарында журналистер қазақстандықтар жалақысының жартысынан астамын тамаққа жұмсауға мәжбүр екенін айтып, азық-түлік неге сонша қымбаттап кеткенін сұрады.
"Өкінішке қарай, бұл жаһандық проблема. Егер статистикаға зер салсаңыз, Батыс елдері, АҚШ, Ресей, Орталық Азия, барлық дерлік ел осындай мәселеге тап болып отыр. Оған пандемиядан бері жалғасып келе жатқан тауар жеткізу тізбектерінің бұзылуы себеп. Кейін оған соңғы оқиғалар қосылды. Логистикалық проблемалар бағаға өте қатты әсер етеді", - деді Қуантыров.
Ол нарық толығымен бейімделгенше, бағаның құбылуы сақталатынын атап өтті.
Осы орайда ұлттық экономика министрі инфляциядан зардап шегіп отырған қазақстандықтарға кеңес берді.
"Шама-шарқынша бюджетті оңтайландырып, артық шығындарды қысқарту керек. Біз мұндай кезеңдерден өттік. Өкінішке қарай, экономика циклдік, ара-тұра мұндай мәселелер туындап отырады. Біз қазір инфляцияның шыңына жеткен жоқпыз, бірақ ол 2015-2016 жылдары болған еді. Қазір соңғы екі-үш аймен салыстырғанда, жағдай тұрақталуға тиіс. Менің ойымша, жай ғана күту қажет", - деді Қуантыров.
Бұған дейін Ұлттық банк инфляция 14%-ке жеткенін хабарлады. Азық-түлік инфляциясы 19%-ті құраған.