Экономика

Доллар аздап арзандады

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.06.2022
Жазылу
Ұлттық валюта сәл нығайды
НҰР-СҰЛТАН, 14 маусым – Sputnik. Қазақстандық KASE қор биржасында күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 435,92 теңгені құрады.
Шетелдік валюта бір тәулікте 0,42 теңгеге арзандады. Кеше, 13 маусым күндізгі сауданың қорытындысы бойынша доллар бағамы 436,18 теңге болған еді.
Қазақстанның айырбастау пунктерінде долларды 435 теңгеден сатып алып, 437-439 теңгеден сатып жатыр.
14 маусымда үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов "мамыр айында жаһандық қаржы нарығындағы белгісіздік пен құбылмалылыққа қарамастан теңге бағамы 1 доллар үшін 415,16 теңгеге дейін немесе 6,8%-ке нығайғанын" мәлімдеді.
Оның айтуынша, қысқа мерзімді перспективада теңгенің құбылмалылығы геосаяси ахуалға, ішкі қатысушылардың болжамдары мен әлемдік нарықтағы жағдайға байланысты болады.
Калькулятор, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.06.2022
Экономика
Инфляция 14%-ке жетті – Ұлттық банк
Жаңалықтар
0