https://sputnik.kz/20220614/batys-qazaqstan-qaztalov-audany-25515937.html
Батыс Қазақстанда ауыл тұрғындары Қазталов ауданын екіге бөлуді талап етті
Батыс Қазақстанда ауыл тұрғындары Қазталов ауданын екіге бөлуді талап етті
Sputnik Қазақстан
Жалпақтал тұрғындарының айтуынша, екі ауданды біріктіргеннен кейін жағдай қиындап кеткен – бір кездері үлкен, дәулетті әрі дамыған ауыл қаңыраған елді мекенге... 14.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-14T11:38+0500
2022-06-14T11:38+0500
2022-06-14T11:38+0500
ауыл тұрғындары
https://sputnik.kz/img/1146/77/11467701_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_2270574323d59c1824154e1f859495b8.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 14 маусым – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында ауыл тұрғындары Қазталов ауданын екіге бөліп, Жалпақтал ауданын облыс картасына қайтаруды талап етті. Бұл аудан 25 жыл бұрын аймақтық бірліктердің бірігуіне байланысты жойылған. Бірақ жергілікті тұрғындар биліктің бұл шешімімен әлі күнге дейін келіспей отыр.Өңірлердің біріккеніне ширек ғасыр өтсе де, жалпақталдықтар Батыс Қазақстан облысы билігінің бұл шешімін әлі де қате деп санап, өз ауылына аудан орталығы атауын қайтаруды талап етіп жатыр, деп хабарлады mgorod.kz.Барлығы 1997 жылы басталғанАуыл тұрғындарының айтуынша, сол кезде әрекет еткен облыс әкімшілігі күні бүгінге дейін белгісіз себептермен екі ауданды, яғни Фурманов (қазіргі Жалпақтал) және Қазталов аудандарын біріктіру туралы шешім қабылдаған. Фурманов елді мекені көлемі жағынан да, тұрғындарының саны жағынан да әлдеқайда үлкен болса да, Қазталовты аудан орталығы ету туралы шешім қабылданған.Мұндай шешім Қазталов ауылын дамыту мақсатында қабылданған болуы мүмкін деген болжаммен ауыл тұрғындары келіспейді, олар себеп басқада екенін айтып отыр. Ол кезде Қазталовтан шыққан Қабиболла Жақыпов Батыс Қазақстан облысының басшысы болған.Біріктірілгеннен кейін де ауыл тұрғындары көршілерімен етене жақын араласа қоймаған. Елді мекендер арасында бәсекелестік әлі де өршіп тұр.Мемлекет басшысына хатҮш күн бұрын қазіргі облыс басшысы Ғали Есқалиев Жалпақталға жұмыс сапарымен барған кезде жергілікті тұрғындар аудандарды қайта бөлу туралы мәселе қозғады. Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Нағым Ризуанов шенеунікке ауыл тұрғындарының мемлекет басшысына, үкіметке, облыс басшылығына ашық хат жазғанын айтты. Алайда бұл мәселе күні бүгінге дейін шешімін таппай отыр.Ақсақалдардың айтуынша, аудан мәртебесінен айырылғанға дейін, яғни 1997 жылға дейін Жалпақтал гүлденген ауыл болған. Тұрғындар жай анықтама алу үшін Қазталовқа баруға мәжбүр екенін, ал арақашықтық 60 километрден кем емес екенін айтып шағымданды.Бірақ өңір басшысы асығыс мәлімдеме жасаудан аулақ болуға шақырып, облыс немесе ауданды бөлу үшін экономикалық және саяси негіз болуы керек екенін айтты."Мен ауданды бөлуге саяси негіз бар екені туралы президент әкімшілігіне ұсыныс жіберемін. Бірақ бұл мәселе бүгін-ертең шешілмейді. Өйткені мәселе тек Қазталов пен Жалпақталға қатысты емес. Осы секілді мәселені тағы екі аудан тұрғындары көтеріп отыр, ал Қазақстанда одан да көп. Егер біз тағы бір аудан бойынша шешім қабылдасақ, басқа облыстар да бұл мәселені көтере бастайды. Мен тек сіздердің өтініштеріңізді тиісті органға жеткізе аламын. Ол үшін де негіз керек, мұнымен Қазталов, Ақжайық аудандары мен Бәйтерек ауданы бойынша арнайы құрылған комиссия айналысады. Ол осы өңірлер арасындағы проблемаларды, қолайсыздықтарды және әділетсіздіктерді тексереді", - деді Ғали Есқалиев.Ол ауыл тұрғындарымен сөйлескеннен кейін Қазталов ауданының басшылығына, бөлім басшыларына аптасына бір рет Жалпақтал елді мекеніне келіп, осында жұмыс істеуді тапсырды. Өңір басшысы мұндай шешім ауыл тұрғындарының мемлекеттік қызмет алуларында қиындық тудырмауына ықпал етуі керек екенін айтты.Жалпы, Қазталов ауданын екіге бөлу туралы мәселе бірінші рет көтеріліп отырған жоқ. Мысалы, 2013 жылы осы жағдайға наразы екі мыңнан астам ауыл тұрғыны ауыл әкімдігі алдындағы алаңға жиналған. Халық негізінен Жалпақтал елді мекенін жеке әкімшілік бірлікке бөлу мәселесін қарастыруды талап етті.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1146/77/11467701_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_e168fdd69f35f36e9ec101f2befead92.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ауыл тұрғындары
Батыс Қазақстанда ауыл тұрғындары Қазталов ауданын екіге бөлуді талап етті
Жалпақтал тұрғындарының айтуынша, екі ауданды біріктіргеннен кейін жағдай қиындап кеткен – бір кездері үлкен, дәулетті әрі дамыған ауыл қаңыраған елді мекенге айналып барады
НҰР-СҰЛТАН, 14 маусым – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында ауыл тұрғындары Қазталов ауданын екіге бөліп, Жалпақтал ауданын облыс картасына қайтаруды талап етті. Бұл аудан 25 жыл бұрын аймақтық бірліктердің бірігуіне байланысты жойылған. Бірақ жергілікті тұрғындар биліктің бұл шешімімен әлі күнге дейін келіспей отыр.
Өңірлердің біріккеніне ширек ғасыр өтсе де, жалпақталдықтар Батыс Қазақстан облысы билігінің бұл шешімін әлі де қате деп санап, өз ауылына аудан орталығы атауын қайтаруды талап етіп жатыр, деп хабарлады
mgorod.kz.Барлығы 1997 жылы басталған
Ауыл тұрғындарының айтуынша, сол кезде әрекет еткен облыс әкімшілігі күні бүгінге дейін белгісіз себептермен екі ауданды, яғни Фурманов (қазіргі Жалпақтал) және Қазталов аудандарын біріктіру туралы шешім қабылдаған. Фурманов елді мекені көлемі жағынан да, тұрғындарының саны жағынан да әлдеқайда үлкен болса да, Қазталовты аудан орталығы ету туралы шешім қабылданған.
Мұндай шешім Қазталов ауылын дамыту мақсатында қабылданған болуы мүмкін деген болжаммен ауыл тұрғындары келіспейді, олар себеп басқада екенін айтып отыр. Ол кезде Қазталовтан шыққан Қабиболла Жақыпов Батыс Қазақстан облысының басшысы болған.
Біріктірілгеннен кейін де ауыл тұрғындары көршілерімен етене жақын араласа қоймаған. Елді мекендер арасында бәсекелестік әлі де өршіп тұр.
Үш күн бұрын қазіргі облыс басшысы Ғали Есқалиев Жалпақталға жұмыс сапарымен барған кезде жергілікті тұрғындар аудандарды қайта бөлу туралы мәселе қозғады. Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Нағым Ризуанов шенеунікке ауыл тұрғындарының мемлекет басшысына, үкіметке, облыс басшылығына ашық хат жазғанын айтты. Алайда бұл мәселе күні бүгінге дейін шешімін таппай отыр.
Ақсақалдардың айтуынша, аудан мәртебесінен айырылғанға дейін, яғни 1997 жылға дейін Жалпақтал гүлденген ауыл болған. Тұрғындар жай анықтама алу үшін Қазталовқа баруға мәжбүр екенін, ал арақашықтық 60 километрден кем емес екенін айтып шағымданды.
Бірақ өңір басшысы асығыс мәлімдеме жасаудан аулақ болуға шақырып, облыс немесе ауданды бөлу үшін экономикалық және саяси негіз болуы керек екенін айтты.
"Мен ауданды бөлуге саяси негіз бар екені туралы президент әкімшілігіне ұсыныс жіберемін. Бірақ бұл мәселе бүгін-ертең шешілмейді. Өйткені мәселе тек Қазталов пен Жалпақталға қатысты емес. Осы секілді мәселені тағы екі аудан тұрғындары көтеріп отыр, ал Қазақстанда одан да көп. Егер біз тағы бір аудан бойынша шешім қабылдасақ, басқа облыстар да бұл мәселені көтере бастайды. Мен тек сіздердің өтініштеріңізді тиісті органға жеткізе аламын. Ол үшін де негіз керек, мұнымен Қазталов, Ақжайық аудандары мен Бәйтерек ауданы бойынша арнайы құрылған комиссия айналысады. Ол осы өңірлер арасындағы проблемаларды, қолайсыздықтарды және әділетсіздіктерді тексереді", - деді Ғали Есқалиев.
Ол ауыл тұрғындарымен сөйлескеннен кейін Қазталов ауданының басшылығына, бөлім басшыларына аптасына бір рет Жалпақтал елді мекеніне келіп, осында жұмыс істеуді тапсырды. Өңір басшысы мұндай шешім ауыл тұрғындарының мемлекеттік қызмет алуларында қиындық тудырмауына ықпал етуі керек екенін айтты.
Жалпы, Қазталов ауданын екіге бөлу туралы мәселе бірінші рет көтеріліп отырған жоқ. Мысалы, 2013 жылы осы жағдайға наразы екі мыңнан астам ауыл тұрғыны ауыл әкімдігі алдындағы алаңға жиналған. Халық негізінен Жалпақтал елді мекенін жеке әкімшілік бірлікке бөлу мәселесін қарастыруды талап етті.