Оқиға

Жетісу облысында жол апатынан екі адам көз жұмып, алты адам жараланды

© Photo : Pixabay / Alexas_Fotos иллюстрациялық фото
 иллюстрациялық фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.06.2022
Жазылу
Mercedes-Benz автокөлігінде үш ересек адам мен бес кішкентай бала болған
НҰР-СҰЛТАН, 13 маусым — Sputnik. Талдықорған – Қарабұлақ – Текелі тас жолында болған жол апатынан жас әйел мен оның бір жасар баласы көз жұмды. Тағы алты адам көп дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.
Қайғылы жағдай туралы пост күні кеше әлеуметтік желіде тарады. Ондағы мәліметке сүйенсек, Ескелді ауданындағы Қарабұлақ аулына жақын маңда автомобиль аударылып қалған.
Хабарламада оқиға болған жерде әйел адам және кішкентай қыз баланың көз жұмғаны, тағы бір баланың жан сақтау бөлімінде жатқаны айтылған.
Бұл фактіні облыстық полиция департаментінде растады. Ведомствода хабарлағандай, жол апаты 12 маусымда сағат 21:30-да "Талдықорған – Қарабұлақ – Текелі" автожолының 6 километрінде болған.
Mercedes-Benz автокөлігінде үш ересек адам мен бес кішкентай бала болған.
"Оқиға болған жерде бір жасар бала көз жұмды. Ауруханаға жеткізілген кезде тағы бір ересек адам қайтыс болды. Қалған алты адам облыстық ауруханада дәрігерлердің бақылауында жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалып, осы факті бойынша тергеу жүріп жатыр", - деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жаңалықтар
0