https://sputnik.kz/20220613/zheneva-duniezhuzilik-sauda-uyymyny-konferentsiya-25499430.html
Женевада Дүниежүзілік сауда ұйымының 12-ші министрлік конференциясы ашылды
Женевада Дүниежүзілік сауда ұйымының 12-ші министрлік конференциясы ашылды
Sputnik Қазақстан
Қазақстан халықаралық саудадағы және ДСҰ келіссөздерінің негізгі қатысушысы ретінде осы конференцияның тең ұйымдастырушысы және төрағасы қызметін атқарды 13.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-13T18:54+0500
2022-06-13T18:54+0500
2022-06-13T18:54+0500
экономика
сауда
https://sputnik.kz/img/07e6/06/0d/25496752_0:204:540:507_1920x0_80_0_0_aebf66eeaafb11bc1a9ade536fd7080f.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 13 маусым – Sputnik. Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше 164 елдің сыртқы саудаға жауапты министрлері Женевада бас қосты. "Конференция төрағасы ретінде Қазақстанның сайлануы біздің еліміздің мойындалуының дәлелі", - деп хабарлады Қазақстанның сауда және интеграция министрлігі. 2018 жылы Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше 164 мемлекет 2020 жылдың жазында Қазақстанның астанасы Нұр-Сұлтанда 12-ші министрлер конференциясын өткізу туралы ұсынысты бірауыздан қолдады. Тарихта алғаш рет мұндай деңгейдегі іс-шара ұйымға жақында ғана мүше болған және бүкіл Орталық Азияны таныстыратын елдің төрағалығымен өтуі тиіс болатын. Алайда пандемияға байланысты конференция екі рет кейінге шегеріліп, оны Дүниежүзілік сауда ұйымының Женевадағы штаб-пәтерінде өткізу туралы шешім қабылданды. Конференцияға қатысушылар COVID-19 пандемиясына қарсы іс-қимыл, ауыл шаруашылығы және жаһандық азық-түлік дағдарысын жою, балық шаруашылығын субсидиялау, ДСҰ реформасы, электронды сауданы одан әрі дамыту сияқты әлемдік саудаға қатысты бірқатар маңызды мәселені қарастырады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/06/0d/25496752_0:153:540:557_1920x0_80_0_0_ce93107ae058e37926cef21dee5fa76e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сауда
Женевада Дүниежүзілік сауда ұйымының 12-ші министрлік конференциясы ашылды
Қазақстан халықаралық саудадағы және ДСҰ келіссөздерінің негізгі қатысушысы ретінде осы конференцияның тең ұйымдастырушысы және төрағасы қызметін атқарды
НҰР-СҰЛТАН, 13 маусым – Sputnik. Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше 164 елдің сыртқы саудаға жауапты министрлері Женевада бас қосты.
"Конференция төрағасы ретінде Қазақстанның сайлануы біздің еліміздің мойындалуының дәлелі", - деп хабарлады Қазақстанның сауда және интеграция министрлігі.
2018 жылы Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше 164 мемлекет 2020 жылдың жазында Қазақстанның астанасы Нұр-Сұлтанда 12-ші министрлер конференциясын өткізу туралы ұсынысты бірауыздан қолдады.
Тарихта алғаш рет мұндай деңгейдегі іс-шара ұйымға жақында ғана мүше болған және бүкіл Орталық Азияны таныстыратын елдің төрағалығымен өтуі тиіс болатын.
Алайда пандемияға байланысты конференция екі рет кейінге шегеріліп, оны Дүниежүзілік сауда ұйымының Женевадағы штаб-пәтерінде өткізу туралы шешім қабылданды.
Конференцияға қатысушылар COVID-19 пандемиясына қарсы іс-қимыл, ауыл шаруашылығы және жаһандық азық-түлік дағдарысын жою, балық шаруашылығын субсидиялау, ДСҰ реформасы, электронды сауданы одан әрі дамыту сияқты әлемдік саудаға қатысты бірқатар маңызды мәселені қарастырады.