https://sputnik.kz/20220613/ush-zhana-oblys-damytu-zhospary-25499931.html
Үш жаңа облысты дамытудың бес жылдық жоспары жасалады – Әлихан Смайылов
Үш жаңа облысты дамытудың бес жылдық жоспары жасалады – Әлихан Смайылов
Sputnik Қазақстан
Ол құрылып отырған аймақтарда Түркістан облысының тәжірибесін қолдануға да болатынын атап өтті 13.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-13T16:36+0500
2022-06-13T16:36+0500
2022-06-13T16:36+0500
өңірлер
облыс
әлихан смайылов
https://sputnik.kz/img/07e6/04/1a/24466846_0:304:3101:2048_1920x0_80_0_0_d1a443c4a23c0232ee2764318d4546e3.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 13 маусым – Sputnik. Жаңа құрылған облыстарды дамытудың бес жылдық жоспары жасалады. Бұл туралы үкімет басшысы Әлихан Смайылов мәжіліс депутаттарына берген жауабында жазды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Алдағы уақытта Абай, Ұлытау мен Жетісу облыстарын қолдау мақсатында барлық аймақтар бірігіп меморандум жасайды. Осы жұмысқа ірі кәсіпкерлер мен инвесторлар тартылады. Мемлекеттік бағдарламалар аясында қолдау шаралары да атқарылады. Ал барлық ұйымдастыру жұмыстары аяқталғаннан кейін жаңа өңірлердің проблемалық және басым салалары анықталады. Оған ақсақалдар алқасы да араласса болады. Оның сөзіне қарағанда, құрылып отырған аймақтарда Түркістан облысының тәжірибесін қолдануға да болады. "Жаңа өңірлерді құру жұмыстары толық аяқталғаннан кейін осы облыстарды әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған жоспарлары әзірленіп, қабылданатын болады", - деп атап көрсетті үкімет басшысы.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/1a/24466846_133:0:2864:2048_1920x0_80_0_0_7edd7521a483f73eade01001f43742c3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
облыс, әлихан смайылов
Үш жаңа облысты дамытудың бес жылдық жоспары жасалады – Әлихан Смайылов
Ол құрылып отырған аймақтарда Түркістан облысының тәжірибесін қолдануға да болатынын атап өтті
НҰР-СҰЛТАН, 13 маусым – Sputnik. Жаңа құрылған облыстарды дамытудың бес жылдық жоспары жасалады. Бұл туралы үкімет басшысы Әлихан Смайылов мәжіліс депутаттарына берген жауабында жазды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Алдағы уақытта Абай, Ұлытау мен Жетісу облыстарын қолдау мақсатында барлық аймақтар бірігіп меморандум жасайды. Осы жұмысқа ірі кәсіпкерлер мен инвесторлар тартылады. Мемлекеттік бағдарламалар аясында қолдау шаралары да атқарылады. Ал барлық ұйымдастыру жұмыстары аяқталғаннан кейін жаңа өңірлердің проблемалық және басым салалары анықталады. Оған ақсақалдар алқасы да араласса болады.
"Қазіргі уақытта қолданыстағы заңнамаға сәйкес ақсақалдар алқасын құру бойынша құқықтық шектеулер байқалмайды. Бұл ретте Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнің 106-бабына сәйкес қоғамдық бiрлестiктер болып, егер заңдармен өзгеше көзделмесе, саяси партиялар, кәсiптiк одақтар және азаматтардың өздерiнiң ортақ мақсаттарына жету үшiн ерiктi негiзде құрған, заңдарға қайшы келмейтiн басқа да бiрлестiктер танылады. Осыған сәйкес жаңадан құрылған өңірлердің күрделі мәселелерін шешу мақсатында құрамына жанашыр азаматтар енетін ақсақалдар алқасын құруға болатынын атап өткен жөн", - дейді Смайылов.
Оның сөзіне қарағанда, құрылып отырған аймақтарда Түркістан облысының тәжірибесін қолдануға да болады.
"Жаңа өңірлерді құру жұмыстары толық аяқталғаннан кейін осы облыстарды әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған жоспарлары әзірленіп, қабылданатын болады", - деп атап көрсетті үкімет басшысы.