https://sputnik.kz/20220613/tauelsizdik-urpaqtary-granty-25504648.html
"Тәуелсіздік ұрпақтары" грантына өтінім қабылдау басталды
"Тәуелсіздік ұрпақтары" грантына өтінім қабылдау басталды
Sputnik Қазақстан
Конкурсқа жасы 14-тен кем емес және 29-дан аспайтын Қазақстан Республикасының кез-келген азаматы үміткер бола алады 13.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-13T20:10+0500
2022-06-13T20:10+0500
2023-08-09T09:49+0500
жастар
білім гранттары
https://sputnik.kz/img/07e5/07/03/17520338_0:311:3001:1999_1920x0_80_0_0_2cf6bbe82c84fda530cac432dfc62624.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 13 маусым — Sputnik. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мемлекет Басшысы тағайындаған "Тәуелсіздік ұрпақтары" грантын ұсыну жөніндегі конкурстың басталғаны туралы хабарлайды.Биыл әрбір грантқа 3 млн теңгеден 30 грант берілетін болады.Грант берудің мақсаты белсенді шығармашыл жастар қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған жастардың жаңа және қолданыстағы бастамаларын мемлекеттік қолдау болып табылады.Конкурсқа жасы 14-тен кем емес және 29-дан аспайтын Қазақстан Республикасының кез-келген азаматы үміткер бола алады.Гранттар Қазақстан Республикасының азаматына жаңа идеялар мен бастамаларды іске асыру үшін конкурстық негізде мынадай бағыттар бойынша беріледі:"Ғылым" – ғылымның басым секторларында жаңа ғылыми жобаларды және зерттеулерді іске асыруға арналған;"Мәдениет" – Қазақстанның мәдени мұрасын танымал етуге, халықтық мәдени дәстүрлер мен өнерді ілгерілетуге бағытталған жобаларды іске асыруға арналған;"Ақпараттық технологиялар" – жаңа IT шешімдер мен жобаларды, оның ішінде жаңадан басталған стартап жобаларды іске асыруға және дайындауға арналған;"Бизнес" – экономиканың басым секторларында жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған;"Медиа" – жаңа медиа жобаларды, оның ішінде жастар үшін танымдық, пайдалы, қызықты контент құру жөніндегі жобаларды іске асыруға арналған.Үміткерлердің конкурстық өтінімдері (қағаз нұсқада) 14 тамызға дейін мына мекенжай бойынша қабылданады: Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, "Министрліктер Үйі" әкімшілік ғимараты (014 кіреберіс)Байланыс нөмірлері: 8(7172)74-12-78, 8(702-000-88-12), (электрондық нұсқасы) generation.kaz@gmail.com поштасына қабылданады.Конкурстық өтінімдер мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде қабылданады және:Айта кетейік, 2021 жылы Тәуелсіздік күні қарсаңында мемлекет басшысы еліміздің 30 жас азаматына "Тәуелсіздік ұрпақтары" грантын табыс етті.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/07/03/17520338_0:0:2667:2000_1920x0_80_0_0_ed010b95581d6643eee958e2e4e6ec57.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жастар, білім гранттары
"Тәуелсіздік ұрпақтары" грантына өтінім қабылдау басталды
20:10 13.06.2022 (жаңартылды: 09:49 09.08.2023) Конкурсқа жасы 14-тен кем емес және 29-дан аспайтын Қазақстан Республикасының кез-келген азаматы үміткер бола алады
НҰР-СҰЛТАН, 13 маусым — Sputnik. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мемлекет Басшысы тағайындаған "Тәуелсіздік ұрпақтары" грантын ұсыну жөніндегі конкурстың басталғаны туралы хабарлайды.
Биыл әрбір грантқа 3 млн теңгеден 30 грант берілетін болады.
Грант берудің мақсаты белсенді шығармашыл жастар қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған жастардың жаңа және қолданыстағы бастамаларын мемлекеттік қолдау болып табылады.
Конкурсқа жасы 14-тен кем емес және 29-дан аспайтын Қазақстан Республикасының кез-келген азаматы үміткер бола алады.
Гранттар Қазақстан Республикасының азаматына жаңа идеялар мен бастамаларды іске асыру үшін конкурстық негізде мынадай бағыттар бойынша беріледі:
"Ғылым" – ғылымның басым секторларында жаңа ғылыми жобаларды және зерттеулерді іске асыруға арналған;
"Мәдениет" – Қазақстанның мәдени мұрасын танымал етуге, халықтық мәдени дәстүрлер мен өнерді ілгерілетуге бағытталған жобаларды іске асыруға арналған;
"Ақпараттық технологиялар" – жаңа IT шешімдер мен жобаларды, оның ішінде жаңадан басталған стартап жобаларды іске асыруға және дайындауға арналған;
"Бизнес" – экономиканың басым секторларында жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған;
"Медиа" – жаңа медиа жобаларды, оның ішінде жастар үшін танымдық, пайдалы, қызықты контент құру жөніндегі жобаларды іске асыруға арналған.
Үміткерлердің конкурстық өтінімдері (қағаз нұсқада) 14 тамызға дейін мына мекенжай бойынша қабылданады: Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, "Министрліктер Үйі" әкімшілік ғимараты (014 кіреберіс)
Байланыс нөмірлері: 8(7172)74-12-78, 8(702-000-88-12), (электрондық нұсқасы)
generation.kaz@gmail.com поштасына қабылданады.
Конкурстық өтінімдер мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде қабылданады және:
нысан бойынша жобаның сипаттамасы; жобаның бейне-таныстырылымы (60 секундтан аспайды); шығыстар сметасының жобасы; зияткерлік меншік туралы мәліметтер (бар болса) қамтылуы тиіс. Айта кетейік, 2021 жылы Тәуелсіздік күні қарсаңында мемлекет басшысы еліміздің 30 жас азаматына "Тәуелсіздік ұрпақтары" грантын табыс етті.