https://sputnik.kz/20220613/shymkenttikter-qayyrymdylyq-kontsert-video-25496969.html
Шымкенттіктер тегін концертке кіру үшін есіктерді жұлқылап, жанжал шығарды - видео
Шымкенттіктер тегін концертке кіру үшін есіктерді жұлқылап, жанжал шығарды - видео
Sputnik Қазақстан
Бір сағат бұрын ғимаратқа кіреберісте екі жарым мыңнан астам адам жиналған 13.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-13T16:08+0500
2022-06-13T16:08+0500
2022-06-13T16:08+0500
өңірлер
шымкент
https://sputnik.kz/img/929/32/9293280_0:113:1920:1193_1920x0_80_0_0_efd0196a6ee2b892af065e1972ee216a.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 13 маусым – Sputnik. Шымкентте көрермен санының көптігіне байланысты Зируза мен танымал блогер-әнші Садраддин Болаттың концертін тоқтатуға тура келді. Адамдар "Түркістан сарайының" есігін жұлқылап ашып, ғимаратқа кіруге тырысты, деп хабарлайды OTYRAR.Әлеуметтік желілерде тараған видеоға қатысты мәдениет басқармасы түсініктеме берді."Бұл қайырымдылық концерт 12 маусымда "Наурыз" алаңында өтуге тиіс еді. Ұйымдастырушы "MEYIRIMDI ASYLADAM" қайырымдылық қоры концертті әкімдікпен келісіп өткізбеді. Олар сол күні сағат 19:00-де кеш өткізу туралы "Түркістан сарайымен" шарт жасасты", - дейді Шымкент қаласы мәдениет басқармасының баспасөз хатшысы Мақпал Сауранбекова.Жоспарланған тегін концерттен бір сағат бұрын ғимаратқа кіреберісте екі жарым мыңнан астам адам жиналған. Олар бір-бірін итеріп, қызметкерлермен сөзге келген."Түркістан" мәдениет сарайы 1 300 орынға арналған. Осыған байланысты сағат 19:00-де зал толы болды. Осыдан кейін Қаратау ауданының әкімі мен Шымкент қаласы полиция департаментінің қызметкерлері қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ұйымдастырушылармен түсіндіру жұмысын жүргізді. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырушылар концерт өткізбеуге шешім қабылдады", - деп түсіндірді Мақпал Сауранбекова. Бұл шешім сағат 20:00-де көрермендерге жарияланған. Қазіргі уақытта Шымкент қалалық полиция департаментінің қызметкерлері ұйымдастырушыларды әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.
шымкент
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/929/32/9293280_1:0:1920:1439_1920x0_80_0_0_2cad4784bf7fa336a1d3475d44ae6872.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шымкент
Шымкенттіктер тегін концертке кіру үшін есіктерді жұлқылап, жанжал шығарды - видео
Бір сағат бұрын ғимаратқа кіреберісте екі жарым мыңнан астам адам жиналған
НҰР-СҰЛТАН, 13 маусым – Sputnik. Шымкентте көрермен санының көптігіне байланысты Зируза мен танымал блогер-әнші Садраддин Болаттың концертін тоқтатуға тура келді. Адамдар "Түркістан сарайының" есігін жұлқылап ашып, ғимаратқа кіруге тырысты, деп хабарлайды
OTYRAR.
Әлеуметтік желілерде тараған видеоға қатысты мәдениет басқармасы түсініктеме берді.
"Бұл қайырымдылық концерт 12 маусымда "Наурыз" алаңында өтуге тиіс еді. Ұйымдастырушы "MEYIRIMDI ASYLADAM" қайырымдылық қоры концертті әкімдікпен келісіп өткізбеді. Олар сол күні сағат 19:00-де кеш өткізу туралы "Түркістан сарайымен" шарт жасасты", - дейді Шымкент қаласы мәдениет басқармасының баспасөз хатшысы Мақпал Сауранбекова.
Жоспарланған тегін концерттен бір сағат бұрын ғимаратқа кіреберісте екі жарым мыңнан астам адам жиналған. Олар бір-бірін итеріп, қызметкерлермен сөзге келген.
"Түркістан" мәдениет сарайы 1 300 орынға арналған. Осыған байланысты сағат 19:00-де зал толы болды. Осыдан кейін Қаратау ауданының әкімі мен Шымкент қаласы полиция департаментінің қызметкерлері қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ұйымдастырушылармен түсіндіру жұмысын жүргізді. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырушылар концерт өткізбеуге шешім қабылдады", - деп түсіндірді Мақпал Сауранбекова.
Бұл шешім сағат 20:00-де көрермендерге жарияланған. Қазіргі уақытта Шымкент қалалық полиция департаментінің қызметкерлері ұйымдастырушыларды әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.