https://sputnik.kz/20220613/shymkentte-kopbalaly-ana-sekirmek-boldy-25500087.html
Шымкентте көпбалалы ана 9-қабаттан секірмек болды - полицейлер құтқару сәтін көрсетті
Шымкентте көпбалалы ана 9-қабаттан секірмек болды - полицейлер құтқару сәтін көрсетті
Sputnik Қазақстан
Ол бірнеше күннен бері хабар-ошарсыз кеткені анықталды 13.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-13T17:11+0500
2022-06-13T17:11+0500
2022-06-13T17:11+0500
оқиға
шымкент
көпбалалы отбасы
көп қабатты үй
https://sputnik.kz/img/07e6/06/0d/25500447_42:0:696:368_1920x0_80_0_0_83e97927460caea01013c27218db49eb.jpg
АЛМАТЫ, 13 маусым – Sputnik. Шымкентте көпбалалы ана күйеуімен жанжалдан соң 9-қабаттан секірмек болған. Әйелді полиция қызметкерлері құтқарып қалды, деп хабарлады OTYRAR. Басылым мәліметінше, қаладағы көпқабатты үйлердің бірінің шатырында әйел өзіне қол жұмсауға бел буған. Оны көргендер дереу полицияға хабарлаған. Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары дер кезінде қайғылы оқиғаның алдын алған. "Жігіттермен шатырға шықтық, бізге жақын тұр екен. Басында сөйлесіп көрмек болдық, бірақ одан пайда болмады, әйел секіруге шақ қалды. Оның көйлегінен ұстап, өзімізге қарай тартып алдық, кейін олжұлқына бастады", - деді полиция қызметкері Сұңғат Әбілов. Полицейлердің айтуынша, әйелдің бұл әрекетке баруына күйеуімен жанжалдасып қалуы себеп болған. "Оны тыныштандырып, дәрігерлерге тапсырдық. Мұндай жағдайлар жиі кездеседі, біздің міндетіміз – құтқару, адам өмірін сақтап қалу. Осыдан кейін оны полиция бөліміне апардық, ол бірнеше күннен бері хабар-ошарсыз кеткен екен. Күйеуі де полиция бөліміне жеткізілді, қазір тергеушілер барлық мән-жайды анықтап жатыр", - деп қорытындылады Сұңғат Әбілов. Әйелдің көпбалалы ана екені белгілі болды. Қазір оның өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ. Ал адам өмірін сақтап қалған полиция қызметкерлерінің ісі еле не, жоқ па әлі белгісіз.
шымкент
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/06/0d/25500447_124:0:615:368_1920x0_80_0_0_4eec36cad1b4137e89ac2171f016c543.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шымкент, көпбалалы отбасы, көп қабатты үй
шымкент, көпбалалы отбасы, көп қабатты үй
Шымкентте көпбалалы ана 9-қабаттан секірмек болды - полицейлер құтқару сәтін көрсетті
Ол бірнеше күннен бері хабар-ошарсыз кеткені анықталды
АЛМАТЫ, 13 маусым – Sputnik. Шымкентте көпбалалы ана күйеуімен жанжалдан соң 9-қабаттан секірмек болған. Әйелді полиция қызметкерлері құтқарып қалды, деп хабарлады
OTYRAR.
Басылым мәліметінше, қаладағы көпқабатты үйлердің бірінің шатырында әйел өзіне қол жұмсауға бел буған. Оны көргендер дереу полицияға хабарлаған. Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары дер кезінде қайғылы оқиғаның алдын алған.
"Жігіттермен шатырға шықтық, бізге жақын тұр екен. Басында сөйлесіп көрмек болдық, бірақ одан пайда болмады, әйел секіруге шақ қалды. Оның көйлегінен ұстап, өзімізге қарай тартып алдық, кейін олжұлқына бастады", - деді полиция қызметкері Сұңғат Әбілов.
Полицейлердің айтуынша, әйелдің бұл әрекетке баруына күйеуімен жанжалдасып қалуы себеп болған.
"Оны тыныштандырып, дәрігерлерге тапсырдық. Мұндай жағдайлар жиі кездеседі, біздің міндетіміз – құтқару, адам өмірін сақтап қалу. Осыдан кейін оны полиция бөліміне апардық, ол бірнеше күннен бері хабар-ошарсыз кеткен екен. Күйеуі де полиция бөліміне жеткізілді, қазір тергеушілер барлық мән-жайды анықтап жатыр", - деп қорытындылады Сұңғат Әбілов.
Әйелдің көпбалалы ана екені белгілі болды. Қазір оның өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ. Ал адам өмірін сақтап қалған полиция қызметкерлерінің ісі еле не, жоқ па әлі белгісіз.