https://sputnik.kz/20220613/qazaqstan-ortasha-zeynetaqy-molsheri-25484524.html
Қазақстанда орташа зейнетақы мөлшері қанша
Қазақстанда орташа зейнетақы мөлшері қанша
Sputnik Қазақстан
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,2 трлн теңгеден астам зейнетақы төленді 13.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-13T09:00+0500
2022-06-13T09:00+0500
2023-08-11T11:40+0500
қоғам
зейнетақы
https://sputnik.kz/img/07e6/04/04/23948646_2:0:2999:1686_1920x0_80_0_0_4ddc7c868cc05a92f13e7e34ab439aab.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 13 маусым – Sputnik. Қазақстанда орташа зейнетақы, базалық зейнетақы төлемін қоса есептегенде, 105 мың теңгеден асты.Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпаратынша, жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,2 трлн теңгеден астам зейнетақы төленді.2022 жылғы мамырда республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 235,4 млрд теңгеден астам, оның ішінде базалық зейнетақыға – 71,3 млрд теңге, ынтымақты зейнетақыға 163,2 млрд теңге бөлінді.Еске салсақ, 2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы зейнетақы жүйесіндегі өтілін ескере отырып, әр зейнеткерге жеке тағайындалады.Бұл ретте 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ынтымақты жүйеде жұмыс істеген уақыты, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарнасы төленген кезеңдер зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтіліне қосылады.Егер азаматтың зейнетақы жүйесіндегі өтілі 10 жыл немесе одан аз болса, сондай-ақ егер мүлде жоқ болса, базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54%-ін құрайды, содан кейін 10 жылдан асқан әр жыл үшін оның мөлшері 2%-ке артады. Мысалы, егер сіздің өтіліңіз 20 жыл болса, базалық зейнетақы төменгі күнкөріс деңгейінің 74%-ін, ал 30 жыл болса, онда 94%-ін құрайды. Еңбек өтілі 33 жыл немесе одан көп болса, күнкөріс деңгейінің ең жоғарғы мөлшерінде белгіленеді.Егер бір ай ішінде міндетті зейнетақы жарналары Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына бірнеше рет аударылса, жинақтаушы жүйеге қатысу мерзімі бір айды құрайды.Осылайша міндетті зейнетақы жарналары неғұрлым тұрақты және толық көлемде аударылса, зейнет жасына жеткенде базалық зейнетақы төлемдерінің мөлшері соғұрлым көп болады.Өз кезегінде азаматтың жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1998 жылғы 1 қаңтардағы жұмыс өтіліне (кем дегенде 6 ай қажет) және зейнеткерлікке дейінгі кезеңдегі орташа айлық табысына байланысты болады.
https://sputnik.kz/20220607/zeynetaqy-zhinagy-bzhzq-25362441.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/04/23948646_376:0:2624:1686_1920x0_80_0_0_7ef87660891fab34e7923c079ed4310f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
зейнетақы
Қазақстанда орташа зейнетақы мөлшері қанша
09:00 13.06.2022 (жаңартылды: 11:40 11.08.2023) Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,2 трлн теңгеден астам зейнетақы төленді
НҰР-СҰЛТАН, 13 маусым – Sputnik. Қазақстанда орташа зейнетақы, базалық зейнетақы төлемін қоса есептегенде, 105 мың теңгеден асты.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпаратынша, жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,2 трлн теңгеден астам зейнетақы төленді.
2022 жылғы мамырда республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 235,4 млрд теңгеден астам, оның ішінде базалық зейнетақыға – 71,3 млрд теңге, ынтымақты зейнетақыға 163,2 млрд теңге бөлінді.
"1 маусымдағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны 2 млн 246 мыңнан асты. Зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақы төлемін қоса есептегенде) 105 189 теңге болды", - делінген хабарламада.
Еске салсақ, 2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы зейнетақы жүйесіндегі өтілін ескере отырып, әр зейнеткерге жеке тағайындалады.
Бұл ретте 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ынтымақты жүйеде жұмыс істеген уақыты, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарнасы төленген кезеңдер зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтіліне қосылады.
Егер азаматтың зейнетақы жүйесіндегі өтілі 10 жыл немесе одан аз болса, сондай-ақ егер мүлде жоқ болса, базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54%-ін құрайды, содан кейін 10 жылдан асқан әр жыл үшін оның мөлшері 2%-ке артады. Мысалы, егер сіздің өтіліңіз 20 жыл болса, базалық зейнетақы төменгі күнкөріс деңгейінің 74%-ін, ал 30 жыл болса, онда 94%-ін құрайды. Еңбек өтілі 33 жыл немесе одан көп болса, күнкөріс деңгейінің ең жоғарғы мөлшерінде белгіленеді.
Егер бір ай ішінде міндетті зейнетақы жарналары Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына бірнеше рет аударылса, жинақтаушы жүйеге қатысу мерзімі бір айды құрайды.
Осылайша міндетті зейнетақы жарналары неғұрлым тұрақты және толық көлемде аударылса, зейнет жасына жеткенде базалық зейнетақы төлемдерінің мөлшері соғұрлым көп болады.
Өз кезегінде азаматтың жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1998 жылғы 1 қаңтардағы жұмыс өтіліне (кем дегенде 6 ай қажет) және зейнеткерлікке дейінгі кезеңдегі орташа айлық табысына байланысты болады.