Оқиға

Нұр-Сұлтанда көпқабатты үйдің пәтері өртенді – видео

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.06.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 13 маусым – Sputnik. Нұр-Сұлтанда көпқабатты тұрғын үйде 5-қабаттағы пәтердің балконы өртенді. Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды қалалық ТЖ департаменті баспасөз қызметі.
13 маусым күні кешкі бес шамасында Мұстафин көшесі, 13/1 мекенжайы бойынша орналасқан көпқабатты үйден өрт шыққаны туралы хабар түскен.
"Өрт сөндірушілер келген кезде 10 шаршы метр аумақта 5-қабаттағы балкон жанып жатқаны анықталды. Сондай-ақ өрттен 6 мен 7-ші қабаттардағы балкондарға зақым келді", - делінген хабарламада.
Зардап шеккендер жоқ. Өрт 17:30-да сөндірілді.
Тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖД жеке құрамының 22 адамы мен 4 техникасы жұмылдырылды.
Жаңалықтар
0