Видео

"Бақ қонған Бурабай" деректі фильмі жарыққа шықты - видео

Жазылу
11 минуттық видеода туристік аймақтың барлық көрікті жері мен нысаны көрсетілген. Жеке батыр, Оқжетпес, Үшдіңгек, Ақылбай асуы, Ақбура тауы, Абылайхан алаңы... Бурабайда баратын жерлер мұнымен шектелмейді
Бурабай көлінен оңтүстік батысына қарай жарты шақырым шалғай жерде Кенесары үңгірі орналасқан. Өлкетанушылардың айтуынша, сол жерде қазақтың соңғы ханы сарбаздарымен бірге жасырынып, соғыс жоспарын жасаған. Ол туралы қазақтың танымал жазушылары да жазған.
Бертін келе, үңгірдің жанынан балта табылды. Оны музейге қойылған.
Бүгінде Бурабай аймағында үш бірдей мемлекеттік ұлттық табиғи паркі бар. 900-ден астам тарихи-мәдени ескерткіш, 73 туристік бағдар жасалған. Соңғы кездері Ақбура паркі де кеңінен танымал бола бастады. Иманай бұлағы мен сарқырамасы тікелей Әулиекөлге құяды.
Тағы бір қызықты нысан – аспан астындағы Ботай мемлекеттік тарихи-мәдени музей қорығы.
Бурабайда визит-орталығы ашылған. Оған жыл сайын жүздеген турист жүгінеді. Ал мультимедиалық интерактивті кешенде ел тарихына үңіліп, Қазақстанның көрікті жерлерін шарлап шығуға болады.
Болжам бойынша биыл Бурабайға келетін туристердің саны 50 процентке артады.
Жаңалықтар
0