Қоғам

"Әйелдердің зейнетке шығу жасы төмендейді": министрлік ақпаратты жоққа шығарды

© Sputnik / Серикжан КовланбаевЗейнеткер
Зейнеткер - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.06.2022
Жазылу
Бүгінде әйелдердің зейнетке шығу жасы заңнамамен белгіленген
НҰР-СҰЛТАН, 13 маусым – Sputnik. Әлеуметтік желіде "президенттің жарлығымен 2023 жылы 1 қаңтардан бастап әйелдердің зейнетке шығу жасы 58 жасқа дейін төмендетіледі" деген ақпарат тарады.Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мұны жоққа шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Министрліктің мәліметіне сәйкес, бүгінде әйелдердің зейнетке шығу жасы заңнамамен белгіленген. Оны бекіткенде халықаралық және отандық сарапшылардың зерттеулері негізге алынған. Экономикалық және демографиялық жағдай да ескерілді.
Ведомство мамандары Қазақстанда базалық және ынтымақты зейнетақы, сондай-ақ, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан берілетін төлемдердің бар екенін еске салды. Ал ынтымақты зейнетақы жүйесі біртіндеп қысқарып келеді. Себебі 1998 жылдан бастап жинақтаушы жүйе енгізілді. Енді зейнетақы қорына құйылған ақша неғұрлым көп болса, зейнетақы да соғұрлым жоғары болады.
Қазіргі есептеулерге сәйкес, ынтымақты еңбек өтілі жоқ және жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатыспайтын қазақстандықтар 50 жастан кейін зейнетке шықса, лайықты зейнетақы ала алмайды. Ал зейнетақы қорында қажетті сома жинаған адамдарға зейнетке ерте шығуға мүмкіндік беріледі.
"Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, азаматтарға зейнеткерлікке ерте шығу құқығы беріледі. Осылайша, БЖЗҚ-да зейнетақы жинағы 55 жасқа (ерлер) және 52,5 жасқа (әйелдер) толғанда жеткілікті болған кезде қазақстандықтар зейнетақы аннуитетін ресімдей алады. 2021 жылдан бастап БЖЗҚ салымшыларының кейінге қалдырылған зейнетақы аннуитеті шартын жасасу мүмкіндігі бар. Яғни, әйелдер оны 42,5 жаста, ерлер 45 жаста жасай алады. Бұл ретте сақтандыру ұйымынан төлемдер тиісінше 52,5 және 55 жаста беріле бастайды", - дейді министрлік мамандары.
Зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтіндер болса, зейнетақы аннуитетін 40 жаста пайдалана алады. Ондайда төлемдер 50 жастан бастап беріледі.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің деректері бойынша ерлер үшін жедел зейнетақы аннуитетінің құны – 7,1 миллион теңге, әйелдер үшін – 9,5 миллион теңге, ерлер үшін кейінге қалдырылған зейнетақы аннуитетінің құны – 6,5 миллион теңге, әйелдер үшін – 8,1 миллион теңге.
Жаңалықтар
0