Өңірлер

Атырауда отадан кейін оянған әйел арқасы күйіп қалғанын көрді

© Sputnik / Дәурен Ерболат Операция жасауға қажетті медициналық құралдар таңғы сағат 08:00-де дайындала бастады
 Операция жасауға қажетті медициналық құралдар таңғы сағат 08:00-де дайындала бастады - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.06.2022
Жазылу
Бұл жағдайды ауруханада ешкім түсіндіре алмады
НҰР-СҰЛТАН, 13 маусым – Sputnik. Атырау ауруханаларының бірінде өт қабын алуға жасалған отадан кейін оянған науқастың арқасы күйіп қалған, деп хабарлады "Мой город" порталы.
Ота жалпы наркозбен жасалды. Әйел оянған соң арқасын күйік шалғанын байқаған.

"Ота іш маңайында жасалды, отадан кейін менің демалуым керек. Бірақ арқамды күйік шалуына байланысты бір қырмен жатуға мәжбүрмін. Солай жатқандықтан ішім ауырады, тынығу мүмкін емес", - деп шағымданды науқас.

Науқасқа арқасының қалай күйіп қалғанын ешкім түсіндіре алмады.
Айтуынша, бұл жағдай мейірбикенің немқұрайлылығынан болған. Металл тақтайшаны уақытында алмауынан немесе дұрыс қоймауынан болуы мүмкін.
Әйел - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.02.2019
Әлем
Қарнындағы майдан арылғысы келген әйел отадан кейін түрін көріп шошып кетті
Жаңалықтар
0