Өңірлер

Ақтөбелік күзетші тұрғынды соққыға жығып, жарты миллион теңгесін алып кеткен

© Sputnik / Табылды КадырбековТөбелес
Төбелес - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.06.2022
Жазылу
Ер адам есін танып, бассүйек-ми жарақатын алған
АЛМАТЫ, 13 маусым – Sputnik. Ақтөбелік күзетші тұрғынды сабап, ақшасын алып кеткен. Ер адам вокзал маңында ішінде жарты миллион теңге бар сөмкемен жүрген, деп хабарлады "Диапазон" басылымы.
Басылым мәліметінше, Ақтөбе тұрғыны вокзал маңындағы дәмханада қызбен танысып, оған ломбардтағы ұялы телефонын алуға көмектескен. Кейін жаңа танысымен оңаша қалуды ойлап, пәтер жалдаған.
Жалдамалы пәтерге бара жатқан жолда оның басынан кірпішпен бірнеше рет ұрып, сөмкесін ұрлап кеткен. Ер адам есін танып, бассүйек-ми жарақатын алған.

"Тонау жасады деген күдікпен лотерея клубының 30 жастағы күзетшісі ұсталды. Тергеу мәліметінше, ол ақшасы бар ер адамның ізіне түсіп, жақындап келіп, басынан кірпішпен ұрып ақшасын алып кеткен", - делінген хабарламада.

Жәбірленуші сотқа дейінгі тергеу барысында ұрлаған адамды суреті бойынша анықтаған. Ал сотта құлап, есінен танып қалғандықтан, өзін кім ұрғанын көрмегенін айтты. Ер адам айыпталушыға ешқандай талап қоймады. Айтуынша, сот алдында жауап беріп отырған айыпталушы оны ұрып, ақшасын ұрлап кеткен адам емес.
Алайда сотта күзетшінің мас күйде өтіп бара жатқан адамды тонағаны куәгердің айғағымен дәлелденген.
Қарақшылық жасағаны үшін сот оны 5 жылға бас бостандығынан айыруға шешім шығарды. Ол жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді.
Жаңалықтар
0