https://sputnik.kz/20220612/virusolog-maymyl-sheshegi-balalar-25478098.html
Вирусолог неліктен маймыл шешегі балаларға ауыр тиетінін түсіндірді
Вирусолог неліктен маймыл шешегі балаларға ауыр тиетінін түсіндірді
Sputnik Қазақстан
Маймыл шешегі кішкентай балаларға ауыр тиюі мүмкін, өйткені балалардың иммунитеті әлсіз, дейді дәрігерлер 12.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-12T19:53+0500
2022-06-12T19:53+0500
2022-06-12T19:53+0500
маймыл шешегі
https://sputnik.kz/img/598/74/5987416_0:136:2398:1485_1920x0_80_0_0_0a66e2e9e3f91e8a920d13c4ea9a5ad3.jpg
АЛМАТЫ, 12 маусым – Sputnik. Балалардың иммунитеті әлсіз болғандықтан маймыл шешегі ауыр өтуімүмкін. Бұл пікірді ресейліквирусолог, Н. Ф. Гамалеяатындағы эпидемиология және микробиология ғылыми орталығының бас ғылыми қызметкері Анатолий Альтштейн айтты, деп хабарлады ТАСС.10 маусым күні Роспотребнадзор жариялаған "Маймыл шешегінің пайда болуы мен таралуын болдырмауға бағытталған эпидемияға қарсы шаралар" әдістемелік ұсыныстарына сәйкес, кейбір жағдайларда бұл ауру балаларғаауыр тиеді.Аса қауіпті инфекциялар жөніндегі маман, иммунолог дәрігер, медицина ғылымдарының докторы Владислав Жемчугов ТАСС агенттігіне берген сұхбатында ДДСҰ ұсынымдарындағы тиісті нұсқаулар балалар арасында кездесетін маймыл шешегіне көбірек назар аудару қажеттілігімен байланысты деп болжайды.Сондай-ақ ол балаларда бұл ауру қалай өтетінінсипаттау үшін әлі де зерттеу жұмыстарын жүргізу қажет екенін айтты. Дегенмен ауру дұрыс тамақтанбайтын әлсіз немесе даму ерекшеліктерінде кінарат бар балаларда ауыр өтуі мүмкін."Біз балалардың тұмау жұқтырғанда қатты ауыратынын білеміз, өйткені олардың иммунитеті әлі қалыптасып үлгермеген. Иммунитет жылдар бойы дамып, қалыптасады. Егер жыл сайын тұмау әртүрлі болса, онда адамның ағзасында әртүрлі антиденелер болады. Кросс-иммунитет болғандықтан, ересек адамдар кез келген тұмауды оңай өткереді, өйткені оларда белгілі бір иммунологиялық жады қалыптасқан. Егер балаларда кез келген ауруға қатысты иммунологиялық жады болмаса, онда ауру ауыр өтеді", – дейді Владислав Жемчугов.Еске салакетейік, Қазақстанда маймыл шешегін жұқтырған науқастіркелген жоқ.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/598/74/5987416_270:0:2398:1596_1920x0_80_0_0_a99bf4542f446a8148ba011a3ec02c49.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
маймыл шешегі
Вирусолог неліктен маймыл шешегі балаларға ауыр тиетінін түсіндірді
Маймыл шешегі кішкентай балаларға ауыр тиюі мүмкін, өйткені балалардың иммунитеті әлсіз, дейді дәрігерлер
АЛМАТЫ, 12 маусым – Sputnik. Балалардың иммунитеті әлсіз болғандықтан маймыл шешегі ауыр өтуімүмкін. Бұл пікірді ресейліквирусолог, Н. Ф. Гамалеяатындағы эпидемиология және микробиология ғылыми орталығының бас ғылыми қызметкері Анатолий Альтштейн айтты, деп хабарлады
ТАСС.
10 маусым күні Роспотребнадзор жариялаған "Маймыл шешегінің пайда болуы мен таралуын болдырмауға бағытталған эпидемияға қарсы шаралар" әдістемелік ұсыныстарына сәйкес, кейбір жағдайларда бұл ауру балаларғаауыр тиеді.
"Балалар көптеген ауруды ересектерге қарағанда ауыр қабылдайды, ал кейбір ауруларды керісінше оңай жеңеді. Маймыл шешегіне келетін болсақ, ол кішкентай балаларға ауыр тиюі мүмкін. Балалар ағзасының иммунитеті әлсіз, аз қорғалған", – деді Альтштейн.
Аса қауіпті инфекциялар жөніндегі маман, иммунолог дәрігер, медицина ғылымдарының докторы Владислав Жемчугов ТАСС агенттігіне берген сұхбатында ДДСҰ ұсынымдарындағы тиісті нұсқаулар балалар арасында кездесетін маймыл шешегіне көбірек назар аудару қажеттілігімен байланысты деп болжайды.
Сондай-ақ ол балаларда бұл ауру қалай өтетінінсипаттау үшін әлі де зерттеу жұмыстарын жүргізу қажет екенін айтты. Дегенмен ауру дұрыс тамақтанбайтын әлсіз немесе даму ерекшеліктерінде кінарат бар балаларда ауыр өтуі мүмкін.
"Біз балалардың тұмау жұқтырғанда қатты ауыратынын білеміз, өйткені олардың иммунитеті әлі қалыптасып үлгермеген. Иммунитет жылдар бойы дамып, қалыптасады. Егер жыл сайын тұмау әртүрлі болса, онда адамның ағзасында әртүрлі антиденелер болады. Кросс-иммунитет болғандықтан, ересек адамдар кез келген тұмауды оңай өткереді, өйткені оларда белгілі бір иммунологиялық жады қалыптасқан. Егер балаларда кез келген ауруға қатысты иммунологиялық жады болмаса, онда ауру ауыр өтеді", – дейді Владислав Жемчугов.
Еске салакетейік, Қазақстанда маймыл шешегін жұқтырған науқастіркелген жоқ.