Спорт

UFC-де нокаутпен жеңген қазақ файтері жекпе-жегінің толық видеосы шықты

© UFC - Ultimate Fighting Championship/Махсат Кайсар
Махсат Кайсар  - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.06.2022
Жазылу
Бұл оның UFC-дегі бірінші және кәсіби карьерасындағы тоғызыншы жеңісі
НҰР-СҰЛТАН, 12 маусым — Sputnik. Сингапурде UFC 275 аралас жекпе-жек турнирінде Қытай атынан шыққан этникалық қазақ Мақсат Қайсар (8-1) мен америкалық Стив Гарсияның (12-4) жекпе-жегі өтті, деп хабарлайды Sports.kz.
Қазақ файтері UFC-дегі дебюттік жекпе-жекте жеңіске жетті. Қайсар үшін бұл ең ірі ММА-промоушндегі дебюттік кездесу болды. Үш раундқа есептелген жекпе-жек жеңіл салмақта өтті.
Бірінші раундта Қайсар қарсыласын нокаутқа түсірді.
Мақсат Қайсар үшін бұл UFC-дегі бірінші және кәсіби карьерасындағы тоғызыншы жеңіс болды. Стив Гарсия бесінші рет жеңіліске ұшырады.
Айта кетері, Қайсар былтыр қараша айында Дэйн Уайттың үміткер сериясы аясында канадалық Ахиллес Экстремадураны (7-1) жеңгеннен кейін UFC-ге кірді.
Жаңалықтар
0