Қоғам

Қазақстандықтар шілдеде қанша күн демалады

© Sputnik / Абзал КалиевЖители столицы на прогулке в парке
Жители столицы на прогулке в парке - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.06.2022
Жазылу
Азаматтардың жұмыс кестесіне байланысты шілденің отыз бір күнінің 20 немесе 25 күнін жұмыста өткізеді
НҰР-СҰЛТАН, 12 маусым – Sputnik. Шілде айында қазақстандықтар 11 күн демалады. Аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар үшін биыл шілде айында 20 жұмыс күні және 11 демалыс күн болады.
Алты күн жұмыс істейтіндерге 25 жұмыс күні және алты демалыс күні болады.
Шілдеде қазақстандықтар екі мерекені – Астана күні және Құрбан айт атап өтеді. Биыл Астана күні - 6 шілде, яғни сәрсенбіге келеді. Бұл ретте демалыс күндер басқа күнге ауыстырылмайды.
Осылайша, қазақстандықтар бес күндік жұмыс аптасында да, алты күндік жұмыс аптасында да бір күн, яғни 6 шілдеде демалады.
Мұсылман күнтізбесі бойынша Құрбан айттың бірінші күні сенбі, 9 шілдеге келеді. Бұл күн демалыс күні болған соң әрі сенбіге түсетіндіктен, басқа күнге ауыстырылмайды.
Айта кетері, биыл жалпы 245 жұмыс күні, 106 демалыс және 14 мереке күні бар.
Жаңалықтар
0