https://sputnik.kz/20220612/nur-sultan-auyl-sharuashylygy-zharmenke-25482195.html
Нұр-Сұлтанда апта сайынғы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері басталды
Нұр-Сұлтанда апта сайынғы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері басталды
Sputnik Қазақстан
Жәрмеңкеде көкөністер, жемістер, сүт өнімдері, ет және басқа да өнімдер сатылады 12.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-12T19:25+0500
2022-06-12T19:25+0500
2022-06-12T19:25+0500
елорда тынысы
жәрмеңке
https://sputnik.kz/img/07e6/06/0c/25482153_1:0:1279:719_1920x0_80_0_0_059774e5aadc38c8562a3dd3b41b6079.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 12 маусым – Sputnik. Елордада демалыс күндері өтетін апта сайынғы ауылшаруашылық жәрмеңкелері басталды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.Демалыс күндері Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпкерлері өз өнімдерін жәрмеңкеге қойды.Айта кетері, биыл тұрғындардың өтініші бойынша ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізу орны былтырғы "Хан Шатыр" СОО жанындағы алаңнан "Барыс Арена" мұз сарайына қарама-қарсы тұстағы аумаққа ауысты.Сондай-ақ ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне елордаға жақын орналасқан Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының кәсіпкерлері қатысты.Кәсіпкерлердің айтуынша, өнімдер тез сатылып жатыр, ал бағалар қалыпты бағадан 10-15%-ға төмен. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің негізгі бөлігі жәрмеңкелерге бірінші жыл қатысып отырған жоқ."Мен көкөніс пен жеміс сатамын. Бағасы арзан, барлығы көңілімізден шығады. Өнімдеріміз қазірдің өзінде жақсы өтіп жатыр. Жұрт негізінен қияр, қызанақ, алма, қара өрік алады. Мен мұндай жәрмеңкеге екінші рет қатысып отырмын, бұл кәсіпкерлер үшін жақсы мүмкіндік", – деп атап өтті кәсіпкер.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/06/0c/25482153_160:0:1119:719_1920x0_80_0_0_1e21f7fc43666ce4309d96331d8d53b0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жәрмеңке
Нұр-Сұлтанда апта сайынғы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері басталды
Жәрмеңкеде көкөністер, жемістер, сүт өнімдері, ет және басқа да өнімдер сатылады
НҰР-СҰЛТАН, 12 маусым – Sputnik. Елордада демалыс күндері өтетін апта сайынғы ауылшаруашылық жәрмеңкелері басталды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Демалыс күндері Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпкерлері өз өнімдерін жәрмеңкеге қойды.
Айта кетері, биыл тұрғындардың өтініші бойынша ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізу орны былтырғы "Хан Шатыр" СОО жанындағы алаңнан "Барыс Арена" мұз сарайына қарама-қарсы тұстағы аумаққа ауысты.
"11 маусымнан бастап елордада Нұр-Сұлтан қаласының тауар өндірушілерінің, кәсіпкерлерінің қатысуымен дәстүрлі ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері басталды. Жәрмеңкеде түрлі өнімдер ұсынылған: көкөністер, жемістер, сүт өнімдері, ет және басқа да өнімдер. Мұнда бірінші қажеттіліктегі азық-түлік құны оны жеткізу, жол шығындарын ескеріле отырып, бекітілді", – деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласының инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы азық-түлік қауіпсіздігі бөлімінің басшысы Руслан Ыдырысов.
Сондай-ақ ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне елордаға жақын орналасқан Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының кәсіпкерлері қатысты.
Кәсіпкерлердің айтуынша, өнімдер тез сатылып жатыр, ал бағалар қалыпты бағадан 10-15%-ға төмен. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің негізгі бөлігі жәрмеңкелерге бірінші жыл қатысып отырған жоқ.
"Мен көкөніс пен жеміс сатамын. Бағасы арзан, барлығы көңілімізден шығады. Өнімдеріміз қазірдің өзінде жақсы өтіп жатыр. Жұрт негізінен қияр, қызанақ, алма, қара өрік алады. Мен мұндай жәрмеңкеге екінші рет қатысып отырмын, бұл кәсіпкерлер үшін жақсы мүмкіндік", – деп атап өтті кәсіпкер.