Қоғам

Жеті күндік "Бозоқтан Ботайға дейін" экспедициясы басталды - видео

© Photo : НИИ археологии имени Кемаля Акишева Бозоқ
Бозоқ - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.06.2022
Жазылу
Жоба ұйымдастырушылары ел тарихының бірегей нысандары мен ескерткіштерін көпшілікке ұсынғысы келеді
НҰР-СҰЛТАН, 12 маусым – Sputnik. "Бозоқтан Ботайға дейін" атты жеті күндік ат экпедициясы басталды.
"Хабар 24" арнасының ақпаратына сәйкес, экспедиция қатысушылары киелі жерлерге саяхаттауды ежелгі қала – Бозоқтан бастады. Салт атпен жүретін экспедиция мүшелері ең соңында Солтүстік Қазақстан облысына келіп тоқтайды. Бір аптадан кейін олар алғашқы жылқы өсірушілер құрған Ботай археологиялық ескерткішіне жетеді.
Жеті күндік экспедицияның мақсаты – Бозоқ қалашығы мен Ботай мәдениеті сынды жалпыұлттық маңызы бар археологиялық ескерткішін танымал ету, сондай-ақ Қазақстан аумағында экологиялық туризмді ілгерілету. Осылайша ұйымдастырушылар бірегей нысандар мен тарихи ескерткіштерді танымал етуге үміттенеді.
Айта кетері, ортағасырлық Бозоқ қалашығын белгілі археолог Кемал Ақышев тапқан болатын. Ол Бұзұқты көлінің шығыс жағалауында, астананың оңтүстік-батысында орналасқан. Биыл мұнда ашық аспан астындағы мұражай-қорық пайда болады.
Археолог Бақыт Молдашева 2018 жылы ашық аспан астындағы "Бозоқ" мұражай-қорығын құру туралы шешім қабылданғанын айтты.
Қазір мұражай ұжымы жобаны визуализациялау, музейлендіру жұмысымен айналысып жатыр.
Жаңалықтар
0