https://sputnik.kz/20220612/atyrauda-perinataldyq-ortalyqta-naresteni-eden-25475541.html
Атырауда перинаталдық орталықта нәрестені еденге құлатып алды - оқиғаның мән-жайы
Атырауда перинаталдық орталықта нәрестені еденге құлатып алды - оқиғаның мән-жайы
Sputnik Қазақстан
Орталық басшылығы зардап шеккен баланың анасымен тілдеспейді 12.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-12T11:36+0500
2022-06-12T11:36+0500
2022-06-12T11:41+0500
өңірлер
атырау
https://sputnik.kz/img/1223/75/12237592_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_2fdaf85f6ee58feb75b1c627a51aae82.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 12 маусым – Sputnik. Атырау облыстық перинаталдық орталығында әйел сәбиді қолынан түсіріп алды. Оқиға туралы босанған әйелдің туысы Әнуар Жұмабай баяндап берді, деп жазады "Ақ Жайық" басылымы.Айтуынша, әйелінің сіңлісі босанған соң 2 күннен кейін босанған әйелдермен бірге рентгенге түсуге шақырылған. Палатада төрт әйел болған. Алдымен екеуін, сосын тағы біреуін шақырған. Босанғаннан кейін өз-өзіне келіп үлгермеген, әрең қозғалатын бір әйел балаларға қарап қалады. Кішкентай бала қатты жылағанда әлгі келіншек оны қолына алып, жұбатуға тырысады. Жұбата алмаған соң медбикелер мен дәрігерлерді шақырғанымен, ешкім келмеген. Бір уақытта әйелдің жағдайы нашарлап, баланы еденге түсіріп алады.Содан кейін де әйел мен балаға көмекке медбикелер емес, санитар келеді."Біз полициямен келгенше екі сағат бойы балаға көмек көрсетілмеді, жансақтау бөліміне жатқызылмады, баланы тексермеді. Қызметкерлер ештеңе болмағандай кейіп танытты, барлығы "не болды?" деп өзіңнен сұрайды. Бастапқыда баланың жағдайы жақсы деп айтты. Орталық қызметкері анасына баламен бірге КТ-ға баруға болмайды деп тыйым салды. Біз наразылық білдіргенде, тағы бір қызметкер анасы жаңа туған нәрестемен бірге жүруі керек екенін растады. Бүгін бізге нәрестеге қан құю керек екенін, егер ол кеше реанимацияға түспегенде, одан айырылып қалуымыз мүмкін екенін айтты", – дейді Жұмабай.Орталық басшылығы зардап шеккен баланың анасымен тілдеспейді. Оқиғаға түсініктеме берген облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиев тексеру мен компьютерлік томография жаңа туған нәрестенің жағдайы қалыпты екенін көрсетті деп отыр.Айта кетері, 11 маусым күні перинаталдық орталықтың дәрігерлері зардап шеккен баланың жағдайы туралы хабарлады. Дүниеге келгеніне үш күн болған балаға құлағаннан кейін дәрігерлер "ми ишемиясы" диагнозын қойды. Дәрігерлер баланың жағдайы тұрақты екенін айтты. Ол маска арқылы оттегімен өзі тыныс алып жатыр.
атырау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1223/75/12237592_82:0:1910:1371_1920x0_80_0_0_aaff0e8db97860ce2038046a1e1c0dd3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
атырау
Атырауда перинаталдық орталықта нәрестені еденге құлатып алды - оқиғаның мән-жайы
11:36 12.06.2022 (жаңартылды: 11:41 12.06.2022) Орталық басшылығы зардап шеккен баланың анасымен тілдеспейді
НҰР-СҰЛТАН, 12 маусым – Sputnik. Атырау облыстық перинаталдық орталығында әйел сәбиді қолынан түсіріп алды. Оқиға туралы босанған әйелдің туысы Әнуар Жұмабай баяндап берді, деп жазады
"Ақ Жайық" басылымы.
Айтуынша, әйелінің сіңлісі босанған соң 2 күннен кейін босанған әйелдермен бірге рентгенге түсуге шақырылған. Палатада төрт әйел болған. Алдымен екеуін, сосын тағы біреуін шақырған. Босанғаннан кейін өз-өзіне келіп үлгермеген, әрең қозғалатын бір әйел балаларға қарап қалады.
Кішкентай бала қатты жылағанда әлгі келіншек оны қолына алып, жұбатуға тырысады. Жұбата алмаған соң медбикелер мен дәрігерлерді шақырғанымен, ешкім келмеген. Бір уақытта әйелдің жағдайы нашарлап, баланы еденге түсіріп алады.
Содан кейін де әйел мен балаға көмекке медбикелер емес, санитар келеді.
"Біз полициямен келгенше екі сағат бойы балаға көмек көрсетілмеді, жансақтау бөліміне жатқызылмады, баланы тексермеді. Қызметкерлер ештеңе болмағандай кейіп танытты, барлығы "не болды?" деп өзіңнен сұрайды. Бастапқыда баланың жағдайы жақсы деп айтты. Орталық қызметкері анасына баламен бірге КТ-ға баруға болмайды деп тыйым салды. Біз наразылық білдіргенде, тағы бір қызметкер анасы жаңа туған нәрестемен бірге жүруі керек екенін растады. Бүгін бізге нәрестеге қан құю керек екенін, егер ол кеше реанимацияға түспегенде, одан айырылып қалуымыз мүмкін екенін айтты", – дейді Жұмабай.
Орталық басшылығы зардап шеккен баланың анасымен тілдеспейді. Оқиғаға түсініктеме берген облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиев тексеру мен компьютерлік томография жаңа туған нәрестенің жағдайы қалыпты екенін көрсетті деп отыр.
"Ең бастысы, бала тірі. Бұл істі тергейтін жұмыс комиссиясы құрылды", – деді Байдуәлиев.
Айта кетері, 11 маусым күні перинаталдық орталықтың дәрігерлері зардап шеккен баланың жағдайы туралы хабарлады. Дүниеге келгеніне үш күн болған балаға құлағаннан кейін дәрігерлер "ми ишемиясы" диагнозын қойды. Дәрігерлер баланың жағдайы тұрақты екенін айтты. Ол маска арқылы оттегімен өзі тыныс алып жатыр.