https://sputnik.kz/20220612/almaty-qurylys-miting-video-25481045.html
Алматыда рұқсат етілмеген митингінің соңы қайғылы оқиғамен аяқталды – видео
Алматыда рұқсат етілмеген митингінің соңы қайғылы оқиғамен аяқталды – видео
Sputnik Қазақстан
Рұқсат етілмеген митинг кезінде оған қатысушылар мен жүргізушілер арасында жанжал туындаған 12.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-12T18:20+0500
2022-06-12T18:20+0500
2022-06-12T18:20+0500
митинг
алматы
https://sputnik.kz/img/07e5/01/0a/15976350_0:157:2997:1842_1920x0_80_0_0_bdb9dc1d39da44a10cc31bec898e2a53.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 12 маусым – Sputnik. Алматыда жаппай құрылыстың салдарынан тағы бір жанжал шықты.Короленко көшесінде (Гагарин даңғылының қиылысы) орналасқан бес қабатты үйдің тұрғындары Terra тұрғын үй кешенінің тұрғындарымен ұзақ уақыттан бері дауласып келген. Олар Terra тұрғын үй кешенінің тұрғындарына тиесілі қонақтарға арналған паркингті беруді талап етіп отыр, себебі олардың үйінің жанында жаңа тұрғын үй кешені салынғаннан кейін автотұраққа орын болмай қалған.Өткен сенбіде наразы топ рұқсат етілмеген митинг ұйымдастырып, Гагарин даңғылын жауып тастады, салдарынан үй тұрғындарының бірі адамдар бөгеп тастаған жолмен жүрмек болған көлік жүргізушісін соққыға жықты.Төбелес кезінде ер адам асфальтқа баспен құлап, көз жұмған.Рұқсат етілмеген митинг кезінде адамның қаза тапқанын Алматы полиция департаменті растады. Олар 11 маусымда бір топ азамат Гагарин көшесіндегі жолды жауып тастағанын хабарлады.Рұқсат етілмеген акцияға қатысушылардың бірі – 1980 жылы туған азамат жанжал кезінде автокөліктердің бірінің жүргізушісіне дене жарақатын салған."Жәбірленуші көз жұмды. М.-ның әрекеті "Абайсызда адам өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бабымен сараланды. Ол департаменттің уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп хабарлады полициядағылар.Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Алматы әкімдігі бұл жағдайға қатысты әзірге ешқандай түсініктеме берген жоқ.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/01/0a/15976350_164:0:2831:2000_1920x0_80_0_0_c7e317b253b2d8d4308a910a4e206259.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
митинг, алматы
Алматыда рұқсат етілмеген митингінің соңы қайғылы оқиғамен аяқталды – видео
Рұқсат етілмеген митинг кезінде оған қатысушылар мен жүргізушілер арасында жанжал туындаған
НҰР-СҰЛТАН, 12 маусым – Sputnik. Алматыда жаппай құрылыстың салдарынан тағы бір жанжал шықты.
Короленко көшесінде (Гагарин даңғылының қиылысы) орналасқан бес қабатты үйдің тұрғындары Terra тұрғын үй кешенінің тұрғындарымен ұзақ уақыттан бері дауласып келген. Олар Terra тұрғын үй кешенінің тұрғындарына тиесілі қонақтарға арналған паркингті беруді талап етіп отыр, себебі олардың үйінің жанында жаңа тұрғын үй кешені салынғаннан кейін автотұраққа орын болмай қалған.
Өткен сенбіде наразы топ рұқсат етілмеген митинг ұйымдастырып, Гагарин даңғылын жауып тастады, салдарынан үй тұрғындарының бірі адамдар бөгеп тастаған жолмен жүрмек болған көлік жүргізушісін соққыға жықты.
Төбелес кезінде ер адам асфальтқа баспен құлап, көз жұмған.
Рұқсат етілмеген митинг кезінде адамның қаза тапқанын Алматы полиция департаменті растады. Олар 11 маусымда бір топ азамат Гагарин көшесіндегі жолды жауып тастағанын хабарлады.
Рұқсат етілмеген акцияға қатысушылардың бірі – 1980 жылы туған азамат жанжал кезінде автокөліктердің бірінің жүргізушісіне дене жарақатын салған.
"Жәбірленуші көз жұмды. М.-ның әрекеті "Абайсызда адам өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бабымен сараланды. Ол департаменттің уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп хабарлады полициядағылар.
Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Алматы әкімдігі бұл жағдайға қатысты әзірге ешқандай түсініктеме берген жоқ.