https://sputnik.kz/20220611/ubt-dan-139-upay-zhinagan-eki-tulektin-natizhesi-zhoyyldy-25460864.html
ҰБТ-дан 139 ұпай жинаған екі түлектің нәтижесі жойылды
ҰБТ-дан 139 ұпай жинаған екі түлектің нәтижесі жойылды
Sputnik Қазақстан
Талапкерлердің бейнежазбаларын қайта тексеру барысында ереже бұзу фактілері анықталған 11.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-11T08:02+0500
2022-06-11T08:02+0500
2022-06-11T08:54+0500
ұбт
https://sputnik.kz/img/07e5/05/04/16958767_0:33:2945:1689_1920x0_80_0_0_2989a981ad3faef089439dcf5cef2a6e.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 11 маусым – Sputnik. ҰБТ-дан 139 ұпай жинаған екі түлектің нәтижесі жойылды. Бұл туралы ҚР БҒМ "Ұлттық тестілеу орталығы" РМҚК директоры Руслан Емелбаев әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.Оның сөзінше, талапкерлердің бейнежазбаларын қайта тексеру барысында ереже бұзу фактілері анықталған. "Сіздер ҰБТ-да өз білімдеріңізбен жоғары ұпай жинасаңыздар, біз қатты қуанамыз. Бірақ академиялық адалдық қағидаларын сақтамай, оңай тапсыру жолдарына жүгінетін талапкерлер бар. Сондықтан сіздерге қуанышты жаңалықты айтар алдында қосымша тексеріс жүргізуді жөн көрдік. Өкінішке қарай, талапкерлердің бейнежазбаларын қайта тексеру барысында ереже бұзу фактілері анықталды. Тиісті шаралар қолданып, түлектің ұпайын жойдық."Құрметті талапкерлер! Өзіңізді де, өзгелерді де алдаудың қажеті жоқ. Ең дұрысы армандарыңызға адал жолмен жетіңіздер. ҰБТ-2022-де терең білімінің арқасында 140 ұпай жинайтын тест тапсырушы табылады деп сенеміз. Ол дәл СІЗ болуыңыз мүмкін, біз СІЗДІ күтеміз!", – деді Емелбаев.Сондай-ақ ол дәл қазір 100-ден аса жоғары ұпай жинаған талапкерлердің бейнежазбасы қосымша тексерістен өткізіліп жатқанын атап өтті.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/05/04/16958767_0:0:2729:2047_1920x0_80_0_0_baa80b73b10a8d76a21048604a44a4ff.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұбт
ҰБТ-дан 139 ұпай жинаған екі түлектің нәтижесі жойылды
08:02 11.06.2022 (жаңартылды: 08:54 11.06.2022) Талапкерлердің бейнежазбаларын қайта тексеру барысында ереже бұзу фактілері анықталған
НҰР-СҰЛТАН, 11 маусым – Sputnik. ҰБТ-дан 139 ұпай жинаған екі түлектің нәтижесі жойылды. Бұл туралы ҚР БҒМ "Ұлттық тестілеу орталығы" РМҚК директоры Руслан Емелбаев әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.
Оның сөзінше, талапкерлердің бейнежазбаларын қайта тексеру барысында ереже бұзу фактілері анықталған.
"Сіздер ҰБТ-да өз білімдеріңізбен жоғары ұпай жинасаңыздар, біз қатты қуанамыз. Бірақ академиялық адалдық қағидаларын сақтамай, оңай тапсыру жолдарына жүгінетін талапкерлер бар. Сондықтан сіздерге қуанышты жаңалықты айтар алдында қосымша тексеріс жүргізуді жөн көрдік. Өкінішке қарай, талапкерлердің бейнежазбаларын қайта тексеру барысында ереже бұзу фактілері анықталды. Тиісті шаралар қолданып, түлектің ұпайын жойдық.
"Құрметті талапкерлер! Өзіңізді де, өзгелерді де алдаудың қажеті жоқ. Ең дұрысы армандарыңызға адал жолмен жетіңіздер. ҰБТ-2022-де терең білімінің арқасында 140 ұпай жинайтын тест тапсырушы табылады деп сенеміз. Ол дәл СІЗ болуыңыз мүмкін, біз СІЗДІ күтеміз!", – деді Емелбаев.
Сондай-ақ ол дәл қазір 100-ден аса жоғары ұпай жинаған талапкерлердің бейнежазбасы қосымша тексерістен өткізіліп жатқанын атап өтті.