Қазақстанда сейсмикалық қауіпсіз аймақ жоқ – энергетика министрі

© Sputnik / Владимир Первенцев / Медиабанкке өтуКольсайские озера, архивное фото
Кольсайские озера, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.06.2022
Жазылу
Оның айтуынша, сейсмикалық қауіп Қазақстанның тауы жоқ аймақтарында да бар
НҰР-СҰЛТАН, 11 маусым – Sputnik. Алматы қаласында өткен брифинг барысында энергетика министрі Болат Ақшолақов сейсмикалық қауіпті аймақ – Алматы облысында атом электр станциясын (АЭС) салу қауіпті ме деген сұраққа жауап берді.
Ол 2006 жылы энергетика вице-министрі қызметінде болған уақыттың өзінде Қазақстанда АЭС салу мүмкіндігі мәселесін зерттегенін айтты.
"Біз бүкіл Қазақстан бойынша ең белсенді сейсмикалық аймақтарды анықтау үшін үлкен зерттеу жүргіздік. "Асейсмизм" деген ұғым бар, яғни сейсмикалық әсерге ұшырамайтын аймақтар. Ең қызығы, осы нәтижелерді зерттегеннен кейін біз Қазақстанда мүлдем асейсмикалық аймақтар жоқ екенін анықтадық. Жер сілкінісінің қандай да бір өңірге ықтимал әсерінің күші ғана бар", - деді Болат Ақшолақов брифинг барысында.
Оның айтуынша, сейсмикалық қауіп Қазақстанның тауы жоқ аймақтарында да бар.
Мысалы, Батыс Қазақстанда мұнай мен газды көп өндіру – бұл техногендік қауіп.
"Бұл жай ғана шөгінді бассейн болғандықтан, тектоникалық плиталар бар, олардың мүмкін болатын қозғалысын ешкім жойған жоқ", – деді министр.
Сондай-ақ министр тауы әрі жер сілкінісінің қаупі бар Алматы облысында судың, ресурстардың және климаттық жағдайлардың болуын да ескерген жөн екенін атап өтті.
"Осының бәрін қорытындылай келе, біз Балқаш көлінің аймағын барлық жиынтықтар, нюанстар тұрғысынан болашақта атом станциясын орналастыру үшін ең оңтайлы деп санаймыз. Қойылған сұрақ өте орынды, қауіптен ешкім сақтандырылмаған", – деген министр құрылысқа арналған технологияны таңдауға тоқталды.
Айтуынша, Қазақстан Жапониядағы Фукусиманың тәжірибесін ескеретіндерге бағытталатынын мәлімдеді.
"Біз таңдаған технология мәселесі, яғни таңдау ықтималдығы бар Фукусиманың тәжірибесін ескеру. Жер қыртысының қалыпты емес қозғалыстарының, ұзақ қашықтықтағы жер сілкіністерінің ықтимал әсерін ескереді. Сондықтан бұл барынша қауіпсіз болады деп ойлаймыз", – деді Ақшолақов.
Еске салсақ, жақында президент Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысында сөйлеген сөзінде еліміздің АЭС салу орны туралы шешім қабылдағанын айтқан болатын.
Болат Ақшолақов өз кезегінде станцияны Балқаш көлі маңында, яғни Алматы облысының Үлкен ауылында салу жоспарланғанын хабарлады.
Қазіргі уақытта мамандар АЭС салу технологиясы бойынша үміткерлер: Франция, Ресей, Жапония, Қытай, Оңтүстік Корея арасынан таңдауда. АЭС он жыл ішінде салынуы мүмкін.
Жаңалықтар
0