https://sputnik.kz/20220611/maymyl-sheshegi-koronavirus-25466901.html
Желіде маймыл шешегі пандемияның жалғасы деген ақпарат тарады
Желіде маймыл шешегі пандемияның жалғасы деген ақпарат тарады
Sputnik Қазақстан
Рейнер Фулмих видеода маймыл шешегінің адамзатты құлдыққа түсіруге бағытталған әлдебір әлемдік үкіметтің екінші жоспары деп мәлімдеді 11.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-11T13:18+0500
2022-06-11T13:18+0500
2022-06-11T13:18+0500
коронавирус
https://sputnik.kz/img/07e6/05/17/25013658_0:140:2676:1645_1920x0_80_0_0_0ffa33b59e1c95eb4f8839cb32f39ecc.jpg
АЛМАТЫ, 11 маусым – Sputnik. Әлеуметтік желі, мессенджерлер арқылы неміс адвокаты Рейнер Фулмихтің: "Маймыл шешегі – бұл жаңа пандемия" деп мәлімдеген бейнесұхбаты тарауда. Stopfake.kz сайты аталған теорияның жалған және конспирология екенін хабарлады. Рейнер Фулмих видеода маймыл шешегінің адамзатты құлдыққа түсіруге бағытталған әлдебір әлемдік үкіметтің екінші жоспары деп мәлімдеді. Оның пікірінше, "COVID-19"-да сондай жоспар болған, бірақ көпшілік "көзін ашқандықтан" "сәтсіздікке ұшыраған" көрінеді. Сайт COVID-19 және маймыл шешегі – екі түрлі ауру, олардың қоздырғыштары, белгілері, клиникалық көріністері және басқа да сипаттамалары әртүрлі екенін жазды. COVID-19-дың белгілері: Сонымен қатар аурудың күрделі кезеңінде өкпенің зақымдануына және пневмонияға әкелуі мүмкін. Бұл – ауа тамшы жолдарымен берілетін жұқпалы ауру. Ал маймыл шешегі ауруы Poxviridae тобындағы ортопоксвирустар тобына жататын маймыл шешек вирусынан туындайды. Бұл дертке тән белгілер: Дәрігерлердің мәліметіне сүйенсек, маймыл шешегі ауру жұқтырған жануардан адамға биологиялық сұйықтықтар арқылы беріледі. Адамнан адамға ұзақ және тығыз байланыс кезінде жұғады. Сондай-ақ маймыл шешегі ауруы бүкіл әлемге таралып, бүгінге дейін белгілі аурулар санатына жатады. Одан бөлек маймыл шешегін COVID-19 пандемиясының деңгейіне жетеді деген болжамдар негізсіз.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/05/17/25013658_150:0:2527:1783_1920x0_80_0_0_5b39803749c98c7994a40f183c163612.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
коронавирус
Желіде маймыл шешегі пандемияның жалғасы деген ақпарат тарады
Рейнер Фулмих видеода маймыл шешегінің адамзатты құлдыққа түсіруге бағытталған әлдебір әлемдік үкіметтің екінші жоспары деп мәлімдеді
АЛМАТЫ, 11 маусым – Sputnik. Әлеуметтік желі, мессенджерлер арқылы неміс адвокаты Рейнер Фулмихтің: "Маймыл шешегі – бұл жаңа пандемия" деп мәлімдеген бейнесұхбаты тарауда.
Stopfake.kz сайты аталған теорияның жалған және конспирология екенін хабарлады.
Рейнер Фулмих видеода маймыл шешегінің адамзатты құлдыққа түсіруге бағытталған әлдебір әлемдік үкіметтің екінші жоспары деп мәлімдеді.
Оның пікірінше, "COVID-19"-да сондай жоспар болған, бірақ көпшілік "көзін ашқандықтан" "сәтсіздікке ұшыраған" көрінеді. Сайт COVID-19 және маймыл шешегі – екі түрлі ауру, олардың қоздырғыштары, белгілері, клиникалық көріністері және басқа да сипаттамалары әртүрлі екенін жазды.
SARS-CoV-2 коронавирусы тудырады;
қызу көтеріледі; тыныс алу қиындайды:
иіс пен дәм сезу қабілетінен айырылу.
Сонымен қатар аурудың күрделі кезеңінде өкпенің зақымдануына және пневмонияға әкелуі мүмкін. Бұл – ауа тамшы жолдарымен берілетін жұқпалы ауру.
Ал маймыл шешегі ауруы Poxviridae тобындағы ортопоксвирустар тобына жататын маймыл шешек вирусынан туындайды.
лимфа түйіндерінің ұлғаюы;
теріге сырттай желшешек кезінде болатын бөртпелерге ұқсас бөртпелер шығады.
Дәрігерлердің мәліметіне сүйенсек, маймыл шешегі ауру жұқтырған жануардан адамға биологиялық сұйықтықтар арқылы беріледі. Адамнан адамға ұзақ және тығыз байланыс кезінде жұғады.
Сондай-ақ маймыл шешегі ауруы бүкіл әлемге таралып, бүгінге дейін белгілі аурулар санатына жатады. Одан бөлек маймыл шешегін COVID-19 пандемиясының деңгейіне жетеді деген болжамдар негізсіз.