Өңірлер

Президент Даниал Ахметовтің өкілеттігін бір жылға ұзартты

© Sputnik / Болат Шайхинов Даниал Ахметов
 Даниал Ахметов  - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.06.2022
Жазылу
Ахметов 15 маусымда 68 жасқа толады
АЛМАТЫ, 11 маусым – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің өкілеттігі бір жылға ұзарды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
"Бүгін президенттің жарлығына сәйкес, Даниал Кенжетайұлы Ахметовтің мол тәжірибесі ескеріліп, оның қызметтік өкілеттігі бір жылға ұзартылды", – делінген хабарламада.
Еске салсақ, Даниал Ахметов 15 маусымда 68 жасқа толады. Әр жылдары ол премьер-министр, қорғаныс министрі, Еуразиялық экономикалық комиссияның энергетика және инфрақұрылым жөніндегі алқасының мүшесі болды.
Ахметов Павлодар индустриялық институтын "инженер-құрылысшы" мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын шебер болып бастаған ол кейін "Павлодаржилстрой" тресінің үй құрылысы комбинатында прораб болып жұмыс істеді.
1992 жылдан 1993 жылға дейін Екібастұз қалалық әкімшілігін басқарды. Содан кейін Павлодар облысының әкімі, СҚО әкімі лауазымдарына тағайындалды.
Руководитель управления архитектуры и градостроительства Алматы Нурлан Уранхаев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.06.2022
Абай облысының әкімі тағайындалды
Жаңалықтар
0