https://sputnik.kz/20220611/arselormittal-temirtaudagy-apat-darigerler-25469884.html
"АрселорМиттал Теміртаудағы" төтенше оқиға: аман қалған жұмысшының жағдайы қалай
"АрселорМиттал Теміртаудағы" төтенше оқиға: аман қалған жұмысшының жағдайы қалай
Sputnik Қазақстан
10 маусымда "АрселорМиттал Теміртау" кәсіпорнында жарақат алған 4 адам көз жұмды 11.06.2022, Sputnik Қазақстан
2022-06-11T15:21+0500
2022-06-11T15:21+0500
2023-08-10T12:26+0500
өңірлер
арселормиттал теміртау
дәрігер
https://sputnik.kz/img/07e5/03/0a/16501546_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_ced9e8a17a2d83bc15dfae892ed42160.jpg
АЛМАТЫ, 11 маусым – Sputnik. Дәрігерлер "АрселорМиттал Теміртау" кәсіпорынында болған төтенше жағдай кезінде аман қалған жұмысшының жағдайы туралы айтты28 жастағы жұмысшы бастың маңдай бөлігінің терең жарасымен Теміртау қаласының орталық ауруханасына түсті, деп хабарлады "Хабар24" арнасы."Науқас ауруханаға түскен кезде шұғыл іс-шараларды жасау нәтижесінде шок жағдайынан шығарылды. Қазіргі уақытта оның жағдайы орташа ауырға жақын деп бағаланып отыр, оң динамика байқалады. Науқас есін біледі. Гемодинамикасы тұрақты, қан қысымы – 110/80, импульсі – 82. Науқаста біріктірілген политжарақат бар. Емделуші емді толықтай алады", – деді Теміртау орталық ауруханасы директорының орынбасары Ульяна Базарова. Еске салсақ, кеше, 10 маусымда "АрселорМиттал Теміртау" кәсіпорынында қайғылы оқиға салдарынан 4 адам көз жұмды. Ал біреуі ауруханаға жеткізілген болатын.Оқиға жұмыс істемейтін пешті демонтаждау кезінде болған. Жұмысшылар жұмыс істемейтін пеште отқа төзімді кірпішті бөлшектеп жатқан уақытта арка құлаған. Үйінді астында төрт адам қалып, оқиға орнында көз жұмды. Қаза болғандар тізімі жария етілмеді. Олардың барлығы "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының еншілес кәсіпорны – "Құрылысмет" ЖШС қызметкерлері екені белгілі. Оқиғаның мән-жайын арнайы комиссия мүшелері анықтайды, қылмыстық іс қозғалды. Айта кетері, бұл биыл "АрселорМиттал Теміртау" кәсіпорындарындағы алғашқы жазатайым оқиға емес. Облыстық еңбек инспекциясы басқармасының мәліметінше, 2021 жылы 6 жұмысшы зардап шеккен, олардың екеуі қаза болған. Одан бөлек былтыр өнеркәсіптік компания өндірістерінде 42 адам жарақат алып, 9 адам қайтыс болды.
https://sputnik.kz/20220611/arselormittal-temirtau-qaza-tapqandar-komek-25464299.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/03/0a/16501546_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_60a6c8d2a6ff0f3874a6cb8ba732c3bc.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
арселормиттал теміртау, дәрігер
арселормиттал теміртау, дәрігер
"АрселорМиттал Теміртаудағы" төтенше оқиға: аман қалған жұмысшының жағдайы қалай
15:21 11.06.2022 (жаңартылды: 12:26 10.08.2023) 10 маусымда "АрселорМиттал Теміртау" кәсіпорнында жарақат алған 4 адам көз жұмды
АЛМАТЫ, 11 маусым – Sputnik. Дәрігерлер "АрселорМиттал Теміртау" кәсіпорынында болған төтенше жағдай кезінде аман қалған жұмысшының жағдайы туралы айтты
28 жастағы жұмысшы бастың маңдай бөлігінің терең жарасымен Теміртау қаласының орталық ауруханасына түсті, деп хабарлады "
Хабар24" арнасы.
"Науқас ауруханаға түскен кезде шұғыл іс-шараларды жасау нәтижесінде шок жағдайынан шығарылды. Қазіргі уақытта оның жағдайы орташа ауырға жақын деп бағаланып отыр, оң динамика байқалады. Науқас есін біледі. Гемодинамикасы тұрақты, қан қысымы – 110/80, импульсі – 82. Науқаста біріктірілген политжарақат бар. Емделуші емді толықтай алады", – деді Теміртау орталық ауруханасы директорының орынбасары Ульяна Базарова.
Еске салсақ, кеше, 10 маусымда "АрселорМиттал Теміртау" кәсіпорынында қайғылы оқиға салдарынан 4 адам көз жұмды. Ал біреуі ауруханаға жеткізілген болатын.
Оқиға жұмыс істемейтін пешті демонтаждау кезінде болған. Жұмысшылар жұмыс істемейтін пеште отқа төзімді кірпішті бөлшектеп жатқан уақытта арка құлаған. Үйінді астында төрт адам қалып, оқиға орнында көз жұмды. Қаза болғандар тізімі жария етілмеді. Олардың барлығы "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының еншілес кәсіпорны – "Құрылысмет" ЖШС қызметкерлері екені белгілі.
Оқиғаның мән-жайын арнайы комиссия мүшелері анықтайды, қылмыстық іс қозғалды.
Айта кетері, бұл биыл "АрселорМиттал Теміртау" кәсіпорындарындағы алғашқы жазатайым оқиға емес. Облыстық еңбек инспекциясы басқармасының мәліметінше, 2021 жылы 6 жұмысшы зардап шеккен, олардың екеуі қаза болған. Одан бөлек былтыр өнеркәсіптік компания өндірістерінде 42 адам жарақат алып, 9 адам қайтыс болды.