Өңірлер

Он жылдан астам уақыт бұрын жоғалған қырғызстандық Атыраудан табылды – видео

CC BY-SA 4.0 / ru.wikipedia.org/Zhanna Lorde / Атырау қаласы
Атырау қаласы - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.06.2022
Жазылу
Криминалдық полиция басқармасы жоғалған әйелдің Атырауға қалай келгенін анықтады
НҰР-СҰЛТАН, 10 маусым – Sputnik. Атырау қаласының полицейлер 10 жылдан астам уақыт бойы із-түзсіз жоғалған Қырғызстан азаматын тапты. Әйел туыстарына ренжіп, байланысқа шықпай қойған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Криминалдық полиция басқармасы жоғалған әйелдің Атырауға қалай келгенін анықтады. 2011 жылы әпкесі екеуі қалаға киім әкеліп, сатуға кіріскен. Сауданы дөңгелетуге тырысқан. Бірақ біршама уақыттан кейін әпкесі туған жеріне қайтуға шешім қабылдаған. Ал сіңлісі қалған. 2013 жылы екеуі телефон арқылы сөйлескен. Содан бері байланыс үзілген.
Бірнеше жылдан кейін туыстары оны өз күшімен іздестіріп көрген. Бірақ нәтиже шықпағанын айтады. Кейңн құқық қорғау органдарына арыз түсірген. Атырау облыстық полиция департаментінде із-түзсіз жоғалған көрші елдің азаматын іздестіру үшін арнайы топ құрылды. Мамандар әйелді тапты. Туыстарымен не себепті байланысқа шықпағанын да анықтады. Әйел оларға ренжіп, байланысқа шықпай қойған.
Атырауға туған сіңлісімен кездесуге әпкесі келді.
"Полицейлерге көптен-көп рахмет! Осы сәтті армандаған едік. Қуанышымызда шек жоқ", - дейді ол.
Жаңалықтар
0