Жазда бас ауруынан құтылу үшін не істеу керек – дәрігер кеңесі

© Sputnik Иллюстративті фото
 Иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.06.2022
Жазылу
АЛМАТЫ, 10 маусым – Sputnik. Бас ауруы – әр түрлі себептерден болатын ауырсыну сезімі. Көбіне қан айналу жүйесінің қызметі бұзылғанда миға қан біркелкі келмейді. Осының әсерінен сырқырап, солқылдап ауырады. Десе де жаз айларында бас ауруына шағымданған адамдарды көп байқаймыз. Мұның себебін невропатолог Павел Хорошев Sputnik радиосына берген сұхбатында айтты.
Дәрігердің айтуынша, күннің ыстығынан адамдар терлеп, ағзадан көп мөлшердегі су сыртқа шығады. Организмде су жетіспеушілігінен бас ауырады, дейді ол.
"Жазда бас ауруының пайда болуының ең көп таралған себебі – ағзада судың жетіспеушілігі. Осыған байланысты қанның реологиясы нашарлайды, яғни оның өтімділігі төмендейді. Демек ағзаны, оның ішінде үлкен энергияны тұтынатын ең маңызды органды – миды қанмен қамтамасыз ету баяулайды. Нәтижесінде бас ауруы пайда болады. Жаз айларында бас ауруының 90 пайызы адамның суды аз ішетіндігімен байланысты", – деді Павел Хорошев.
Дені сау адам жазда күніне екі-екі жарым литр су ішуі керек, дейді невропатолог. Алайда су мөлшерінен көп ішу де организмге кері әсер ететін көрінеді.
"Жазда күніне екі-екі жарым литр су ішу керек. Ал қыста қарсы көрсеткіштер болмаса бір жарым немесе екі литр. Яғни қарсы деп отырғанымыз – бүйрек, жүрек қызметінің бұзылуы. Тағы бір ерекшелік – адам асцит болған кезде, яғни іш қуысында көп мөлшерде сұйықтық жиналатын болса, сақтану керек. Ондай адамдардың барлығында аз мөлшерде сұйықтық бар, шамамен 30-100 мл", - деп түсіндірді дәрігер.
Бірақ кейбір адамдарда, әсіресе бауыры ауыратын адамдарда іш қуысындағы судың мөлшері бірнеше литрге дейін артуы мүмкін.
"Мұндай адамдарға суды көп мөлшерде ішуге болмайды. Егер осы сынды сырқаттары болмаса, онда күніне екі-екі жарым литр судың арқасында жазғы бас ауруының алдын алуға болады", – деп түйіндеді неврапотолог.
Жаңалықтар
0