Жаңаөзенде мұнай-газ саласында істегісі келген екі ер адам суицид жасамақ болды

© Sputnik / Владислав ВодневЖедел жәрдем көлігі
Жедел жәрдем көлігі - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.06.2022
Жазылу
Видео әлеуметтік желіде тараған болатын
АЛМАТЫ, 10 маусым – Sputnik. 9 маусым күні Жаңаөзенде "Өзенмұнайгаз" ғимаратының алдында жұмысқа орналастыруын талап еткен жастар жиналды. Жиналған 82 ер адамның екеуі қызметке орналаса алмағаннан кейін өздеріне қол жұмсамақ болған, деп хабарлады Жаңаөзен қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Жиналғандардың айтуынша, "Өзенмұнайгаз" АҚ бас директоры Мақсат Ибағаров мұнай саласына жұмысқа орналастырамын деп уәде берген көрінеді.
"Біз, Жаңаөзен қаласының жұмыссыз бейбіт жастары, кезекте тұрғанымызға алты ай болды. Бізді Мақсат Ибағаров мырза мұнай саласында 1 айлық оқуға жіберді. Бізге айтқанда болашағы бар, мұнай-газ саласына ауысатын мекемеге жіберемін деген. Қазіргі таңда ондай ешқандай мекеме жоқ. Біз 82 адам болып, оқу оқыдық. Оның ішінде 2 жігіт өз-өзіне қол жұмсады", - деген олар басшы жұмыс тауып бере алмаса, қызметінен кетсін деген талабын айтқан видеода.
Қала әкімдігінің мәліметінше, 9 маусым күні сағат 15.00-де бір топ адам компанияға жұмысқа орналасуды талап етіп, "Өзенмұнайгаз" АҚ ғимаратының алдына жиналған. "Жұмысқа орналаса алмаған екеуі – азамат С.К. және азамат С.Т. (бұрын сотталған) іш пен білекті пышақпен тілген. Екеуі де қалалық ауруханаға жеткізілді. Жарақат алғандардың бірі ауруханаға жатудан бас тартып, ғимараттан шығып кеткен", - делінген хабарламада.
Әкімдіктің мәліметінше, ер адамдар бұрын оқудан өтіп, 1 маусымда жеке компанияға 250 мың теңге жалақымен жұмысқа орналасқан.
"Оларға мұнай-газ саласына жұмысқа қабылдау алгоритміне сәйкес, жалпы кезек тәртібімен жүзеге асырылатыны бірнеше рет түсіндірілді. Алгоритмді бұзу, кезексіз жұмысқа орналастыру басқа жұмысқа орналасуға үміткерлерге әділетсіздікке әкеп соғады", – деп қорытындылады әкімдікте.
Жаңалықтар
0